Ақсу қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» МКҚК жас мамандары қалалық жастар семинар-практикумын өткізді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп ресми түрде жариялаған болатын. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек.
Өткізілген семинар екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Жиналған қатысушыларды мекеме басшысының міндетін атқарушы Ж. Каирбекова қарсы алды. Сондай-ақ, Ақсу қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж. Рүстем мен Ақсу қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері З. Абдрахманова алғы сөздерін, жылы лебіздерін айтып, жастарды әрдайым қолдайтындарын білдірді.
Балабақша жас мамандары дайындаған хабарламалар оқылып, ортаға талқыланды. Қатысушылар топтар бойынша бөлініп, практикалық жұмыстар жасады. Олар тақырып бойынша жобаны қорғап, өзекті мәселелерді айтып, «көшбасшылық», «толеранттылық» сөздерінің мағыналарын аша білді. Психологиялық тренингтер өткізіліп, қалалық білім «Жастар кеңесінің» мүшелері де семинарға қатысты.
Осы семинар арқасында жас мамандар өздерін өте білікті, ақылды, батыл, креативті, жаңаша ойлай білетін, мақсаткер, жан-жақты дамыған, «Толерантты көшбасшы» болуға дайын екендерін тағы да бір рет дәлелдеді.
2019 жыл «Жастар жылы» аяқталғанымен, жастармен жұмыс тоқтатылмайды, әрі қарай белсенді атқарылатын жұмыстар көп, «Жастар кубогін» Ақсу қаласының №16 бөбектер бақшасына табысталды.
Креативті идеялар мен өнертапқыштық ұсыныстар, батыл дәлелдерімен, келешекті көзқарастарымен жастар қашан да еліміздің мәдени, рухани, ғылыми дамуының көшбасында жүреді.
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! – деп Мағжан Жұмабаев атамыз бекер айтпаған.
Лаура Сулейменова
«Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» МКҚК
кәсіподақ ұйымының төрайымы