1 место
Павлодар облысы білім басқармасы,
Ақсу қаласы білім беру бөлімінің
Қызылжар ауылы орта мектебінің
мұғалімі Асен Аманжол
Кәсіподақ ұйымына -100 жыл, «Күш бірлікте»
Адам өмірінің, қоғам дамуының басты қағидасы еңбек. Әрбір адамның еңбек етіп, жұмыс жасауына лайықты жағдай жасалуы тиіс. Сол жағдайды жасайты — Кәсіподақ ұйымы. Кәсіподақ ұйымы дегеніміз — жалпы мүдделері бар кәсіпорын қызметкерлерінің бірлестігі. Кәсіподақ қай уақытта да еңбек адамымен бірге. «Еңбек адамына – лайықты өмір»,- деген қағида бұл қарапайым еңбек адамына арналған ұран емес, әрбір азаматтың өмір сүру «аксиомасы» болуы тиіс. Кез келген адам кез – келген салада жұмыс істейді. Жұмыс беруші мен жұмыс алушының арасында мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалынады. Сол еңбек шартында көрсетілген заңнама бойынша жұмыс жасай отырып, өз мүддесін қорғайтын, қолдайтын кәсіподақ ұйымына мүшелікке қабылдану әрбір азамат пен азаматшалардың өз құқығы деп білемін. Бірақ кей жағдайда сол ұйымның жұмысы туралы ақпарат аз білу мен қатар ұйымға назар аудара бермейміз. Тіпті кейде кәсіподақ ұжымын санаторийлар мен сауықтыру орындарына жолдама беруші ретінде де қарастырып жатамыз. Ал менің ойымша кәсіподақтың жұмысшыларға берер қолдауы орасан зор деп ойлаймын. Кәсіподаққа мүше болудың өзі кез-келген азамат пен азаматшаларға үлкен қуаныш, зор мүмкіндік деп айтар едім. Сол мүмкіндікті пайдалана білген абзал.
Жұмысшы үшін кәсіподақ не бере алады?
Әлемде жүз жылдық тарихы бар кәсіподақ ұйымы 1993 жылы Қазақстанда алғаш құрылған «Кәсіподақ туралы» заңнамасында жұмысшылардың мүдделері мен құқығын қорғап, қолдау үшін өз ұсыныстарын өткізе отырып, заңдық негізге жүзеге асуына, еңбек қауіпсіздігін сақтауға, қорғауға атсалысады. Жұмысшы құқығын қорғау үшін сотқа талап -арыз түсіре отырып, мүддесін сотта қорғауға, еңбек дауын шешуге қатысуға толық құқылы, заңнамаға сәйкес митинг, жиын өткізуге, келісімшарт жасауға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады. Тиісті ресми орындарға еңбек, тұрғын үй және зейнетақыны реттеуге қатысты мәселе қоюға, заңнамасын бұзушыларға қарсы іс қозғауға, еңбекақысын дұрыс төлеуге қатысты жұмыс берушіге талап қоюға толық құқылы. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім беру саласына да қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып, келе жатқан қоғамдық күш – кәсіподақ.
Ал осы мүмкіндікті біз жеткілікті пайдаланып жүрміз бе?
Әрине мүмкіндікті пайдалану әрбір кәсіподақ мүшесінің өз құзырында. Дегенмен сол мүмкіндіктің орындалуына жауап беретін, жол көрсетіп нұсқаушы болатын адам ол – кәсіподақ басшысы. Ал басшыны қолдап, демейтін сол ұйымның мүшелері.Ұжым мен басшы бірлесе отырып, татулықпен, сенімділікпен бірлесе іс атқарса, алмайтын қамал жоқ.
«Күш бірлікте» деп бабаларымыз айтқандай бірлесе көтерген жүк жеңіл болатыны сөзсіз. Кәсіподақ бірлікке шақырып, біртұтастық пен ізгілікті мақсат етеді.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей кәсіподақ ұйым басшысының алғырлығы мен саналылығы, ортамен тіл табыса білуінің де ықпалы зор деп ойлаймын. Осындай өз ісінің майталманы деп -Павлодар облысының кәсіподақ ұйымының төрайымы Гульбарам Әуезханқызы Наурызбаеваны айтар едім. Саналы өмірін сапалы білім беру мен салихалы тәрбие беру саласына арнап, облысымыздың білім беру саласына және ұстаздардың мүдесі мен құқығын қорғауға қосқан үлесі зор деп санаймын. Оған айғақ облыстық кәсіподақ ұйым жұмысының бірізділікке қойылуы, ұстаздар мен жұмысшылырдың құқығын қорғаудағы жеткен жетістіктерден көруге болады.
Ақсу қалалық білім бөлімінің кәсіподақ комитеті — қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай әріптестеріміздің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда заң аясына сәйкес әлеуметтік, әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш -жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым. Ұйым төраймы – Рустем Жауаш Куткенқызының да еңбегі зор. Жыл сайын кәсіподақ мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын сақтауға арналған спорт түрлерінен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, арқан тартыс, гір көтеру, бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ т.б. ойын түрлерін ұйымдастырып, «бірлік бар жерде, тірлік барын» дәлелдеп келеді.
Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң- мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым болғандықтан, елімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол. Кәсіподақ ұйымы тек жұмысшылармен ғана жұмыс жасамайды. Ол тәуелсіз еліміздің дамуына аянбай еңбек етіп, қоғаммен тығыз байланыс жасап, әртүрлі әс-шараларға және марафондарға қатысып, қайырымдық шараларынан да тыс қалмайды.
Біздің ендігі басты мақсатымыз – кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдары тағдырына қатысты түйіндерін дұрыс шешуге ат салысу.
Қорыта келе, адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарған кезде адамның жұмыс қабілеті артып, ішкі уәж пайда болып, шығармашылық жұмысқа алып келеді. Жұмысқа деген құлшынысы артса, енбекке деген ынтасы да артатыны сөзсіз.
100 жылдық тарихы бар Кәсіподақ ұйым мүшелерін бірлесе жұмыс жасай отырып, «Күш бірлікте» екенін көрсетуге шақырамын!
Татулық, достықты,
Адалдық, теңдікті,
Ту етіп, қолға алып,
Бірлікке шақырған.
Кәсіподақ — қорғаушың.
Білім мен өнерге,
Еңбекпен баулыған.
Мақсатқа жетелеп,
Арманға жеткізген.
Кәсіподақ — қолдаушың.
2 место
Маней Риза
Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің әдіскері
Күш бірлікте – Кәсіподақ саласына 100 жыл
Басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту
кез — келген адамның қолынан келе бермейді ,
ол үшін ерекше қасиеттер керек. Әл – Фараби
Кәсіподақтар – қоғамдық институт. Қоғам мүшесінің еңбек саласындағы құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқарып келе жатқан тарихын тереңнен алатын, бүгінгі таңда заманға лайық қызмет атқарып отырған аса маңызды бірлестік. Атқаратын міндетіне сәйкес оның беделі қашан да биік, егер бұл бірлестікті қазақтың киелі киіз үйіне баласақ, оның орны төрде. Өйткені ол еңбек адамының құқығын қорғап, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, ар-ожданының тапталмауына кепілдік береді.
Бүгінгі таңда үлкен қара шаңыраққа айналып отырған кәсіподағымыз мақсатын нық айқындап, қоғамдық өзге де бірлестіктермен терезесі тең дамып келе жатқаны баршамызға мәлім. Оның шаңырағының биік болуы – еліміздің егемендігінде, керегесінің кең болуы мүшелерінің арқасында, ал босағасының берік болуы көреген көшбасшылардың біліктілігінде. Мен өзім 25 жыл бойы педагогикалық еңбек саласында қызмет атқарып келе жатқандықтан өзім еңбек етіп келе жатқан ұжымдардағы еңбек қатынасының барысын, ондағы кәсіподақ ұйымының лидерлерімен етене таныспын.
Надежда Дмитриевна Никитина «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болған кезде мен С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетте студент едім. Студенттік шағымда Надежда Дмитриевнамен әріптес болған ұстаздарым ол кісінің еңбектегі біліктілігіне оң баға бергеніне куә болғанмын. Кейін оқуды тәмамдап, еңбек жолын бастаған жылдардан бастап «Ақтоғай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы Раушан Қабікенқызы Үкібаева ханыммен әріптес болдым.
Раушан Қабікенқызының педагогикалық еңбек жылы 40 жылдан асса, оның кәсіподақта көшбасшы болған уақыты 20 жылды құрайды. Алайда ол күндері Кеңестік одақ ыдырап, еліміз тәуелсіздікті жаңа ғана алған, қайта құрулар мен қоғамдағы жаңару мен жаңғыру жылдары еді. Мұндай кезде Раушан Қабікенқызы сияқты білікті көшбасшы ауданымыз үшін ауадай қажет еді. Мұндайда Раушан апай аса парасаттылық пен біліктігін таныта білді. Оның бойынан көшбасшыға тән сипаттар көрініс табады. Раушан апай «Менің төраға ретінде қалыптасуыма Никитина Надежда Дмитриевна, Науразбаева Гүлбарам Ауэзхановна бастаған білім беру қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымы баға жетпес көмек көрсетті» деп еске алады.
Көшбасшымыз педагогикалық еңбек ұжымдарындағы әрбір қызметкердің заңды мүддесін қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін аудандық кәсіподақ ұйымының тарапынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен іс-қимылды үйлестіре білді.
Алғашқы ұжымдық шарттар 2000 жылы қабылданды. Жаңа нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына байланысты қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында келісімдердің, ұжымдық шарттардың мазмұны да өзгерді. 2014 жылы «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заң қабылданды. Ұжымдық шарттар құқықтық акт ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, салалық келісімдерге, заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес әзірленді, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын шешу жөніндегі міндеттемелерді көздеді. Тараптардың шарт жасау кезіндегі міндеттемелері сақталды, кәсіподақ мүшелері ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат алды.
Кәсіподақ ұйымының жұмысындағы ең бастысы – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен төрағаларының, кәсіподақтың әрбір мүшесінің құқықтық сауаттылығы. Білім беру мекемелерінің басшылары ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартының мазмұнын ескере отырып, құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі кепілдігін сақтай отырып, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шарттарын жасасуға түсіністікпен және жауапкершілікпен қарады.
Кәсіподақ ұйымының жұмысында жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Білім беру ұйымдарында жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында білім бөлімімен бірлесіп оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау бойынша көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданды.
Ауданымыздың мектептеріне келген жас мамангдарға қолдау көрсетілді. Әрбір жас маман нормативтік оқу жүктемесімен қамтамасыз етілді. Көтерме жәрдемақы төленді, екі жас маманға пайдалануға берілген тұрғын үйлер бөлінді. Осындай жұмыстар келесі жылдары да жүргізіліп отырды: біржолғы көтерме жәрдемақы төленді, тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік несиелеу жүзеге асырылды. Ауылға кадрлар ағынын ынталандыру әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастыру болды. Балабақшалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жастар-ресурстық орталығы жұмыс істейді. Осы жұмыстардың бәрінің де басы-қасында Раушан Қабікенқызы болды.
Өз басыма келетін болсам, қандай да бір облыстық, республикалық сайыс, байқауларға қатысу керек болса, Раушан Қабікенқызынан ықпалды көмек алатынмын. Қазір де біз кәсіби бағытта сырласпыз.
Раушан Қабікенқызы қазір ардагер ұстаз, оның ауданымызда кәсіподақ ұйымдардың дамуына қосқан үлесін ауыз толтырып айта аламыз. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік ұйымының, Павлодар облысы білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
3 место
Сулейменова Меруерт Бахитовна
учитель истории
КГУ « Байконысская СОШ» район Тереңкөл
«В единстве сила — 100 лет Профсоюзу отрасли»
Сегодня в каждом государственном учреждении можно увидеть уголок профсоюза, да и слышим мы это слово – профсоюз, в последнее время довольно часто. Но знает ли каждый истинное значение того, что представляет из себя профсоюз, чем он занимается, и какая польза от него каждому из нас. Можно привести и лицезреть много фактов, аргументов и достойных примеров. Но, сейчас мы остановимся на отдельном случае, примере. Профессиональный союз работников образования. Профсоюз — это уникальная организация, роль которой по-разному интерпретируется и понимается различными группами интересов в обществе. Традиционно роль заключалась в защите рабочих мест и реальных заработков, обеспечении лучших условий труда,жизни и равноправия в сфере занятости. В результате долгой истории профсоюзного движения и накопленных льгот по коллективным соглашениям, множества законодательных актов и отраслевой юриспруденции, роста грамотности и осведомленности среди работников и распространения различных социальных институтов, включая группы потребителей и общественных интересов, защитная роль должна была претерпеть качественные изменения. Можно сказать, что защитная роль профсоюзов сохраняется по форме, номеняется по существу. Давайте поставим четкий вопрос и попытаемся найти наиболее точный ответ. Нужен ли нам сегодня профсоюз. Ответ, я думаю, возможен только один – нужен! не то чтобы он просто нужен или должен быть, а обязан идти в ногу со временем, радоваться нашим успехам, процветать! Будем успешны мы – будет успешен наш союз, альянс труда и вдохновения. Но иногда, невольно возникает не оставляет мысль «О каком процветании и успешности можно говорить, когда столько трудностей мы встречаем в нашей жизни?» Давайте не спеша их проанализируем, трудности – это всего лишь пороги, которые порой останавливают людей, мешают им двигаться вперёд. Но надо всегда помнить, что выпадают те испытания на доля человека, которые он не способен вынести. Да, жизнь порой ставит все новые и новые вопросы, на которые не всегда есть нужные и образцовые ответы.В изменяющихся жизненных обстоятельств нужно и нам меняться, и профсоюзу. Вот почему так важно на сегодняшний день определить, каким же должен быть наш профессиональный союз. Наверное «доверие» — очень важная часть без которой просто вот невозможно строить работу в любой организации. Профсоюз – это непременно сильная первичная организация, которая строит свою работу на кодексе чести, который непременно должен быть! Это было сделано для того, чтобы подчеркнуть важность именно первичных организаций. Ведь первичная профсоюзная организация – фундамент профсоюзного здания. Она является основой для понимания важности и значимости добровольного объединения работников образования на основе профессиональных интересов, именно поэтому так важно, чтобы все входящие в её ряды ощущали эту значимость, чтобы не появлялось у людей желания отказаться от объединения и выйти из состава организации. Ведь и для профсоюза не менее важно, чтобы в него верили, и тогда он не будет останавливаться на полпути в защите прав членов организации на достойные условия труда, жилье, охрану здоровья и использовал своё право обратиться в Профсоюз, в прокуратуру, суд! Размышляя над своим сочинением, я вдруг захотела спросить у своих коллег –что же им известно о профсоюзе или известно ли им вообще, что — либо по данному вопросу, стало интересно как каждый из них относится к этой организации. Все выжидали и смотрели на меня. Звучали такие мнения, которые в очередной раз доказывали ценность профсоюза образования. Вспоминали различные ситуации в которых помог профсоюз им, или слышали о случаях. Это были мероприятия, различные конкурсы, устраиваемые профсоюзом образования, и которые, хочется отметить, в очередной раз доказывают, что эта организация работает, делает успехи, а не просто существует. Это и коммунальные выплаты, и пенсионные отчисления. И тут я задумалась о том, что же ожидает наших учителей в этот период жизни. Думаю, особая страница в жизни Профсоюза уделена заботе о той категории работников образования, которые завершили свою трудовую деятельность. Хочется верить, что и в будущем работа Профсоюза будет обновляться, перенимать все лучшие и лучшие традиции профсоюзного движения и вносить свой вклад в эффективную деятельность в решении проблем, ведь эта организация залог нашего светлого, справедливого будущего. Закончить свое сочинение хотела бы строчками понравившегося мне стихотворения, которое, на мой взгляд, очень хорошо подчёркивает, «благотворительную» работу.
Закончить размышление хочу строчками стихотворения, которое, на мой взгляд, подчёркивает меру ответственности каждого из нас за всё, что происходит в нашей общественной организации, учиться каждому члену Профсоюза быть Гражданином, учиться брать ответственность на себя.
Кто мы — пешки или люди,
Живущие на одной из лучших планет?
Пусть профсоюзная деятельность будет
Одной из отличительных нашей жизни примет!
Независимо от работы реши – кто ты?
Часть проблемы или её решения часть?
Если ты гражданин, возьми на себя заботы,
Чтобы поодиночке нам всем не пропасть!