Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі күнге дейін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрамында. Аз уақыт болса да, кәсіподақ ұймының білгір мамандары арқылы көптеген сұрақтар мен күрделі істер шешіліп келуде. Мен өзімнің әріптесімде туындаған жағдаймен сіздермен бөліссем деймін.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңның 8 бабы 5 тармағына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 2020 ж 1 қаңтарынан бастап бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үстемақы белгіленген болатын. Алайда «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар, ECTS білім беру бағдарламаларын 120 академиялық кредит бойынша игерген мектебіміздің психологі Ж.С. Асаинова «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсын 17 қаңтар, яғни тарифтеуден кейін өткендіктен тізімнен алып тасталынған болатын. Бұл мәселе Павлодар облыстық білім беру кәсіподақ ұйымының бас маманы Г. О. Джаркенова мен мектеп басшысы Г. С. Жанғазының көмегімен мұғалімнің игілігіне шешілді. Яғни, мектеп бухгалтерімен 2020 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін қайта есептеу жүргізілетін болады. Осыдан Кәсіподақ ұйымының маңызы зор екеніне тағы бір көз жеткізуге болады. Мен өзімнің және мектебіміздің психологі Ж.С. Асаинованың атынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Г.А. Науразбаева мен құқық қорғау қызметінің бас маманы Г.О. Джаркеноваға үлкен алғысымды білдіремін.
К.О. Омарова Павлодар қаласының
«Жас дарын» мектебінің кәсіподақ төрайымы