2022 жылғы 22 қарашада Екібастұз өңірінде «Қайнар» ББК базасында «Еңбек даулары, олардың пайда болу себептері. Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарды «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.О.Джаркенова өткізді.
Семинар мақсаты Екібастұз өңіріндегі жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелерін оқыту болды. Семинарға білім беру мекемелерінің келісім комиссияларының өкілдері қатысты.
Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманның баяндамасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімді Г.О.Джаркенова Павлодар облысының Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы түсіндірме жұмыстарына арнады. Жаңа жобаларға, педагогикалық еңбек ардагерлерімен және жас мамандармен жұмыс істеуге назар аударып, кәсіподақтың негізгі міндеттері туралы айтып берді.
Семинардың екінші бөлімінде Гүлшат Оралқызы келісу комиссиясының жалпы ережелері бойынша, еңбек заңнамасы негізінде келісу комиссиясында дауларды шешу рәсімі бойынша түсініктемелер берді, бірлесіп бекітілетін келісу комиссиясының қызметін реттейтін құжаттар жайлы айтты. Семинар барысында қатысушылар көптеген мәселелерді талқылауға қатысып, сауалдарына тыңғылықты жауаптар алды. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі