2023 жылғы 14-15 ақпан аралығында Астана қаласында білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Қазақстандық филиалы Жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен семинар-кеңес өтті. Оған «Торайғыров университет» КЕАҚ және «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ кәсіподақтарының төрағалары қатысты. Семинар қызықты және өте қарқынды түрде өтті. Өз сөздерінде дәріс берушілер: 1) Мұқашева Айгүл Мақсатқызы - Салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы; 2) Виктор Федорович Беженаров - Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары; 3) Кідірбаева Райхан Мамашиевна - кәсіподақ ұйымының еңбек және еңбекті қорғау, құқық бөлімінің басшысы; 4) Тоқабаева Гүлзира Аманжолқызы – кәсіподақ ұйымының бас есепшісі. Олар құқықтық қызмет көрсетудің негізгі және озық технологияларымен, еңбек заңнамасын қолданумен, кәсіподақ мүшелігін ынталандырумен, қаржы-шаруашылық қызметімен, іс-қағаздарын жүргізумен және көсіподақ қызметі жұмысындағы басқа да маңызды сәттермен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілімен кездесу өтіп, ол Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасына егжей-тегжейлі тоқталды. Семинарды алғаш рет Қазақстан Республикасы Жоқу орындарының төрағаларына арналған «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырғанын атап өткім келеді. Семинар кеңесі кәсіподақ қызметіндегі техникамен танысып қана қоймай, басқа ЖОО-ның кәсіподақ төрағаларымен тығыз байланыста болып, тәжірибе алмасуға, қордаланған мәселелерді талқылап, шешу жолдарын табуға мүмкіндік берді. Жиын соңында сертификаттар табыс етіліп, Салалық Кәсіподақ Төрағасы Айгүл Мақсатқызы Мұқашева қызметкерлер кәсіподақ ұйымының жұмысы жоғары деңгейде бағаланғанын атап өтіп, алдағы уақытта жұмысымызға бұдан да биік белестерді бағындыру тіледі. Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы атынан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына «Торайғыров университеті» КЕАҚ кәсіподақ ұйымына тәжірибе алмасуға және кәсіподақ жұмысының деңгейін көтеруге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін.
Уахитов Жастлек Жұмабайұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы «Торайғыров университеті» КЕАҚ