Қауіпсіз еңбек пен қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін жағдай жасауды бақылауды жақсарту – «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қызметінің бағыттарының бірі.
2022 жылғы 16 қарашада Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының бастамасымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін «Ішкі бақылау-қауіпсіз жағдай жасау құралы» тақырыбы бойынша онлайн – семинар өткізілді. Семинар жұмысына Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі 50-ден астам техникалық инспекторлары қатысты.
Аталған семинардың модераторы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Айдарбек Жасуланұлы Бектабанов болды.
Нарымбаева Гүлнара Ғалымжанқызы, дәріс–практик, білім беру ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін реттейтін еңбек заңнамасының және нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп еңбекті қорғау нормаларының сақталуын тұрақты қоғамдық бақылауды ұйымдастыруды, БиОТ бойынша іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін түсіндірді.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бақылаудың мақсаты жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды дұрыс және уақтылы тергеп-тексеруді және есепке алуды бақылау, жұмыскерлерге өз еңбек міндеттерін атқаруына байланысты мертігуден, не денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеу болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндеттер: кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; кәсіподақтардың жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын іске асыруда барлық деңгейдегі кәсіби органдарға жәрдемдесу; әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерді әзірлеуге және ұсыныстарды енгізуге қатысу болып табылады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігіндегі ұжымдық шарттар; жұмыс орындарында еңбекті қорғаудың жай-күйіне, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен талаптардың орындауына, еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуына бақылау жүргізу; кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін еңбекті қорғау туралы заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, әртүрлі сатыдағы соттарда ұжымдық шарттар мен еңбекті қорғау жөніндегі келісімдер.
Семинарға қатысушылар еңбекті қорғау бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей қоюға және нақты жауаптар алуға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында тыңдаушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша осындай оқыту семинарларын өткізу қажеттігі туралы ұсыныстар айтты.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі