Павлодар облысында «Ерлікке тағзым» патриоттық акциясы басталды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар облысында «Ерлікке тағзым» атты патриоттық акциясы бастау алды. Бұл шара – Отан қорғаған жауынгерлер мен тыл ардагерлеріне деген терең құрметтің белгісі.

Акция аясында облыс аудандарында тұратын педагогикалық еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Айтказина Самал Оспанқызы мен қоғамдық бірлестік төрағасы Науразбаева Гульбарам Ауэзханқызы Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы М.К. Қайырбаевтың жұбайы, Сабира Амирова апайды, тыл еңбеккері, ұлағатты ұстаздардың ұстазы Базарбекова Лилия Гизатоллақызын, сондай-ақ Железинка ауылында тұратын тыл еңбеккері Адамова Назиза Қабылбекқызын арнайы барып Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қоғамдық бірлестіктің аудандық және қалалық филиал төрағалары, білім бөлімдерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері ардагерлерді алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, олардың ерен еңбегі мен Ұлы Жеңіске қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 61 тыл еңбеккері тұрады. Олардың әрқайсысы – тірі тарих, ерлік пен табандылықтың, жанқиярлықтың айқын үлгісі.

«Ерлік – ұлттың мұрасы, ал естелік – біздің борышымыз».

Акция аясындағы әрбір шара – өткенге тағзым, бейбіт өмір үшін алғыс білдіру.

«Ерлікке тағзым» акциясы жалғасуда…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған