Педагог мәртебесі туралы заңды талқылау форумы

№ 28 мектепте кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының және әлеуметтік серіктес, кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен форум өтті. Форум  жұмысына «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы С. Ш. Сеитова, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Г. О. Джаркенова, білім беру бөлімінің әдіскері Г. Ш. Шиндлярская қатысты.

Форум барысында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері, «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіндегі» өзгерістер, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен ұжымдық еңбек келісімшарттарына толықтырулар мен өзгерістер, педагогикалық кадрларды аттестаттаудан өткізу барысындағы кәсіподақ ұйымдарының ролі талқыланды. Тыңдаушыларға еңбек қатынастары саласындағы заңнама мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Барлық қаралған мәселелер педагогтің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және оның мәртебесін көтеруге бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған