Екібастұз өңірі білім беру мекемелеріндегі «KASIPODAQ KERUENI» жобасы.

2022 жылдың 1 қарашасында Екібастұз өңіріндегі білім беру мекемелерінде “KASIPODAQ KERUENI” атты облыстық кәсіподақ жобасының тұсауы кесілді. Жоба қоғамдық бірлестік филиалдарының кәсіподақ қызметін одан әрі жаңғыртуға, кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдіруге, озық тәжірибені енгізуге, жобалық мененджментті іске асыруға, жас педагогтар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және кәсіби одақ мүшелерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жобаның бірінші кезеңі "Қайнар"білім беру – демалыс кешені КМҚК базасында өтті. Пленарлық бөлімде іс-шараға қатысушылардың алдында «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Науразбаева Гүлбарам Әуезханқызы құттықтау сөз сөйледі. Гүлбарам Науразбаева өз сөзінде ҚБ ұйымдастырған іс-шаралардың өзектілігін атап өтті, «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кәсіподақ жұмысындағы негізгі бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталды. Кәсіподақтың ұйымдастырушылық бірлігін нығайтудағы басым міндеттерді айқындай отырып, салалық кәсіподақ қозғалысын дамытуда инновациялық тәсілдерді қолданудағы өз көзқарасымен бөлісті, педагогтардың жас буыны кәсіподақ менеджменті идеяларын жетілдіру мен қалыптастыруда және ҚБ жанындағы Облыс Жастар кеңесінің кадрлық резервін дамытуды қолдауда басты ұстанымдардың бірін атқаратынын атап өтті.

Қоғамдық бірлестік жанындағы облыстық жастар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары және іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу туралы облыстық жастар кеңесінің төрағасы, «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әбілдинова Айнұр Еркінқызы; облыстық жастар кеңесінің мүшесі, «Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қосымша білім беру педагогы Теміржанов Нұрғиса Талғатұлы сөз сөйледі. Әріптестер өз сөздерінде келесі аталған биылғы жастар педагогикалық форумдарының ұйымдастырушылық сәттерімен тұсаукесер материалы туралы айтып өтті, олар: Ертіс ауданында сәтті болып өткен «Кәсіподақ. Жастар. Даму»; Железин ауданында өткен «Заманауи кәсіподақ – жаңғыру жолында»; «COWORKING FORUM «KASIPODAQ. JAS USTAZ» өңіраралық жастар педагогикалық форумы. Павлодар облысы қоғамдық бірлестігінің қалалық және аудандық филиалдарының Жастар кәсіподақ қозғалысын іске асыруға қосқан елеулі үлесі туралы айтып берді. Әріптестер сондай-ақ өткен «Әлеуметтік әріптестік – өзара іс–қимылдың синергиясы» әлеуметтік серіктестер форумы туралы өз әсерлерімен бөлісті, онда үздік әлеуметтік серіктестер мен «Үздік ұжымдық шарт» республикалық конкурсының облыстық турының жеңімпаздары мен қатысушыларына құрмет көрсетілді. Сөз сөйлегеннен кейін қатысушыларға "Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик" республикалық байқауында бірінші орын алған жастар кеңесінің қызметі туралы бейнефильм көрсетілді, оның авторы – Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, ҚБ жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, "Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ тарих және құқық мұғалімі".

Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін жас педагогтар фокус-топтардың жұмысына белсенді қатысты. Креатив мененджмент бес негізгі модульден тұрды, олардың модераторлары Облыстың жастар кеңесінің мүшелері және қоғамдық бірлестіктің мамандары болды: "Эмоционалды интеллектті дамыту құралдары" – Еңсебаев Фархат Мұхарамұлы, «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ ақпараттық және ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс жөніндегі бас маманы; «Brain storm. Миға шабуыл - зияткерлік зарядтау» - Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ тарих және құқық мұғалімі және Серғалина Мадина Заркешқызы – «Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі; «Сөйлей алсаң – басқара аласың» – Әбілдинова Айнұр Еркінқызы, облыстық жастар кеңесінің төрағасы, "Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; «КASIPODAQ – state bilding» – Теміржанов Нұрғиса Талғатұлы, «Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қосымша білім беру педагогы және Карпеченко Дмитрий Александрович «Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы №36 жалпы орта білім беретін бейінді мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі; «Құқықтық оқыту - кәсіподақ активін дамыту векторы» - Ботагөзова Гүлдана Саматқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, "Екібастұз қаласының №17 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ биология мұғалімі, Құсан Еркін Аманкелдіұлы Екібастұз қаласының "Қайнар« білім беру және бос уақытты қамту кешені" КМҚК қосымша білім беру педагогы.

Осы уақытта Екібастұз қаласының «№26 мектеп гимназиясы» КММ базасында өңірдің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинары өтті. Іс-шараның модераторы – «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ оқу-әдістемелік және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы Арынова Алма Файзрахманқызы болды. Алма Арынова диалог алаңын ашып, семинарға қатысушыларды «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік Одағын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы таныстырды. Тұжырымдама жаңа идеологияны іске асырудың және кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдірудің негізгі аспектілерін қамтиды. Бас маман Облыстың кәсіподақ ұйымы жұмысының нормативтік-құқықтық құрылымын одан әрі жетілдіру туралы және әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жұмысты жалғастыру туралы айтты. Кәсіподақ қызметін жаңғырту бөлігінде саналы кәсіподақ мүшелігі негізінде мотивацияның жаңа технологиялары мен әдістерін дамыту жөніндегі орталықтың жұмысын ұйымдастыру; бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін де, жас педагогтер үшін де құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруды, электрондық-цифрлық саладағы кәсіподаұ желісі бойынша әдістемелік көмек алуды көздейтін «Digital Kasipodaq» және «Bilim Kasipodagy» мобильді қосымшаларын пайдаланудың өзектілігі және т. б.

Сонымен қатар, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде кәсіподақ мүшелері үшін ашылған «Кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлмесі» жұмыс істеді. Іс-шараның модераторы – «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Жаркенова Гүлшат Оралқызы болды. Гүлшат Жаркенова құқықтық өріс шеңберінде әріптестерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берді: педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері, қоса атқарушылардың еңбегіне ақы төлеу, кезекті еңбек демалысы күндерінің санын ұсыну, білім беру саласындағы біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлеріне емдік жәрдемақы төлеу және т.б.

Түстен кейін «Кәсіподақ керуені» Екібастұздың ауылдық аймағына ұсынылды, ол Солнечный кентінің "Абай атындағы №28 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ-де өтті. Жобаның жаңа қатысушыларымен амандасып, Гүлбарам Науразбаева бастауыш сынып төрағаларымен және кәсіподақ қозғалысының белсенділерімен пікірталас алаңын өткізіп, аудиторияның назарын әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге, кәсіподақ қызметі туралы білім деңгейін арттыру, кәсіподақ мүшелігінің белсенділігін арттыру мақсатында жобалық менеджментті ұйымдастыруға аударды (оның ішінде, жас мамандар арасында); кәсіподақ мүшелеріне ақпараттық-талдамалық, сараптамалық, заңдық және әдіснамалық қолдау көрсету жүйесін және «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Тұжырымдамасын дамытудың басқа да өзекті бағыттарын дамыту.

Қоғамдық бірлестік төрағасының сөзінен кейін іс-шараға қатысушыларға «Әлеуметтік әріптестік – өзара іс-қимыл синергиясы» бейнефильмі көрсетілді, онда «Үздік ұжымдық шарт-2022» республикалық конкурсының облыстық турының үздік әлеуметтік серіктестері мен жеңімпаздары көрсетілді.

Бұдан әрі облыс Жастар кеңесінің мүшелері – Карпеченко Дмитрий Александрович мен Теміржанов Нұрғиса Талғатұлының «Жастар көзімен заманауи кәсіподақ» атты «Печа–куча» Smart – презентацияның қысқаша және серпінді форматында сөйлеген сөзі жалғасты.

Қоғамдық бірлестіктің мамандары ұйымдастырған іс-шараның практикалық бөлігі сәтті өтті – «Кәсіподақ хакатоны: мотивациядан іс-әрекетке». Форум үш негізгі модульге бөлінді: «Кәсіподақтың құқық қорғау қызметін жетілдіру» – Джаркенова Гүлшат Оралқызы; «Кәсіподақ мененджменті және кәсіподақ мүшелігінің мотивациясы» – Арынова Алма Файзрахманқызы; «Ақпараттық жұмысты жетілдіру – кәсіподақ қызметін дамыту перспективасы» – Еркебаев Фархат Мұхарамұлы.

«QASIPODAQ KERUENI» облыстық кәсіподақ жобасы кәсіподақтың ұйымдық бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелігінің белсенділігін арттыру (оның ішінде жас мамандар арасында) және жас педагогтардың бастамаларын қолдау мақсатында әзірленгенін атап өту қажет. Кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары мен Екібастұз қаласының жастар активі іс-шараларға белсенді қатысып, облыстық жобаның бастамаларын қолдап, болашақ кәсіби және кәсіподақ қызметіндегі басым мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.

 

 Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған