Ертіс ауданының білім беру мекемелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздігі бойынша семинар

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды қауіпсіз еңбек жылы деп жариялады. Бұл акцияның мақсаты-қауіпсіз еңбек саласында жинақталған тәжірибені барынша пайдалану. №4 Ертіс ЖОББМ базасында "Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" атты облыстық семинары "Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы " ҚБ төрағасы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаеваның басқаруымен өтті. Семинардың модераторы- Ертіс ауданының кәсіподақ ұйымының төрайымы Айман Қасымқызы Масалимова. Семинарға білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ комитетінің төрағалары және Ертіс ауданы мектептерінің техникалық инспекторлары қатысты. Гүлбарам Әуезханқызы облыс көлемінде кәсіподақ бақылауын ұйымдастыру, кәсіподақ жұмысының мененджменті бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы басым міндеттерін айқындады. Ертіс ауданының білім бөлімінің басшысы Багиенова Майя Сагандыковна өз сөзінде еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ауқымды жұмыстары туралы атап өтті, өйткені бұл өз кезегінде педагог жұмысының сапасына оң әсер етеді. Ертіс аудандық ауруханасының басшысы Қ. Б. Мұстафин білім беру мекеме басшысының жұмыскерлердің денсаулық пен қауіпсіздік үшін жауапкершілігі туралы баяндады. Ұзынсу ЖОББМ директоры Хазаева Л.Ш. өндірістік кеңестің қызметі туралы, Қарақұдық ЖОББМ директоры Жақиенова Қ. Қ. мектеп басшысының рөлі туралы, №3,1 Ертіс ЖОББМ-нің техникалық инспекторлары Абдраев М.Е., Қабдрахманов Ә. өз жұмыстарымен бөлісті. Әр салада атқарылып жатқан жұмыстар басым болса да, әлі де жеткілікті емес. Біреуідің немқұрайлылығы болса, екіншісі білімінің жеткіліксіздігі, үшінші табиғаттын құбылмасы, тағы да басқа жағдайлар туындап кедергі болып жатады. Бірақ, атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері білім беру мекемесінің басшысы үшін басым болып табылады, сондықтан қызметкерді оқыту мен нұсқауды басшылар үнемі бақылауда ұстайтынын атап өткен жөн. Семинар соңында рефлексия викторина түрінде өткізілді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған