«Еңбекті қорғауға «ИӘ» деп айт!»

2023 жылғы 28 наурызда Тереңкөл ауданының №1 Песчан жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «Қауіпсіз Еңбек» жылы аясында «Білім беру ұйымдарындағы Қауіпсіз еңбек жағдайлары» атты облыстық семинар өтті. Семинарға: Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.О. Джаркенова, Тереңкөл ауданының білім бөлімінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Г. С. Кусаинова, сондай - ақ Тереңкөл ауданының білім беру мекемелерінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары мен өндірістік кеңестерінің мүшелері қатысты. Семинар жұмысы - теориялық және практикалық екі бағытта құрылды. Семинарды ашқан Г. С. Кусаинова қолданыстағы ұжымдық шарт шеңберінде Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа барлық қажетті жабдықтардың сатып алыну міндеттілігін атап өтті. Пленарлық бөлім барысында қатысушыларға білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау бойынша бейнефильм көрсетілді. Теренкөл ауданының Ивановка ЖОББМ еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы - А. Б. Алдангаров әріптестер алдында өз тәжірибесімен бөлісті және мектепте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың сақталуына мониторинг жүргізіліп жатқанын, жарақаттану және жазатайым оқиғалар мәселелерінің алдын алу мақсатында ұжыммен іс-шаралар жоспары іске асырылатынын, білім беру мекемелері қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыратын және өздерінің еңбек міндеттерін тиімді орындайтын оқыту семинарлары өткізілетінін атап өтті. №1 Песчан ЖОББМ директоры П.В. Мельников медициналық білімі жоқ адамдардың, оның ішінде тиісті дайындықтан және алғашқы көмек көрсету стандартынан өткен адамдардың алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларындағы өзгерістер туралы айтты (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ -269/2020 бұйрығы). Алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібімен, алғашқы медициналық көмек көрсетілетін жағдайлардың тізбесімен және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенімен таныстырды. Песчан ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері А. Х. Баймаканов семинардың практикалық бөлімінде жараланған адамға алғашқы медициналық көмекті қалай және қандай жағдайда көрсету қажеттігі нақты көрсетті. Г. О. Джаркенова спикерлердің сөздерін қорытындылай келе, Тереңкөл ауданында еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың барлық нормалары сақталатыны жайлы атап өтті. Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы А. К. Жантимиров "Скажи да – Охране труда" тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының арасында аудандық сурет байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімін өткізді. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинарлар өткізу өзекті және маңызды болып табылады, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі кәсіподақ ұйымдары жұмысының басты басымдығы болып табылады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған