Аққулы ауданының техникалық инспекторлары «Ұйымдарда қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету» тақырыбын қарастырды

Аққулы ауданында техникалық иснпекторлар арасында зияткерлік дебаттық турнир ұйымдастырылды. Турнирға облыстық 2021, 2022 жылдары «Үздік техникалық инспектор» байқауының жеңімпаздары қатысты. Олар: бас жүлде иегері - Дюсенов А.Д., 1 орын иегері - Каирбеков К.А. Дебат спикері Сейфулла Бердімұрат жребий әдісімен қатысушыларды бөліп, тапсырмалар берді. «Үкімет» және «Оппозиция» жақтары тақырыпты ашып, өз ойларын нақты жеткізе білді. Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Гүлшат Оралқызы өзінің алғы сөзінде қызметкерлерді оқыту және еңбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға талаптың жоғарылауын атап өтті. Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек қауіпсіздігінің маңызын көрсетті. Дебат спикері өзекті тақырыптарды ортаға тастады: «Қызметкерлерге еңбек және техника қауіпсіздігі бойынша оқыған куәлік беру керек пе?» «Техникалық инспектор кәсіподақ ұйымы төрағасының басшылығымен жұмыс жасау керек пе? Ай сайын өз жұмысы бойынша есеп беру керек пе?» «Техникалық инспекторларды материалды және моральды тұрғыдан мадақтау керек пе?» «Жұмыс беруші техникалық инспекторларды оқумен, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету керек пе?» Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Аққулы және Бесқарағай мектептерінің инспекторлары Абуов Ж.Т. пен Сейсембеков С.Н. иеленді. 2 орынға Шакилов И.А. Сатыбалдин ат. мектеп және Нургалиев Ж.К. Қазы мектебі ие болды. 3 орынды Дүйсенов А.Д. Малыбай ОМ, Аубакирова М.Т. “Айналайын” балабақшасы иеленді. “Белсенді фракция” номинациясымен Айгожина Л.С. Потанин ОМ және Кайирбекова К.А. Жамбыл ОМ марапатталды. Барлық қатысушылар мадақтамалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған