Қауіпсіз еңбек менеджменті – табысты жұмыстың басымдығы

2023 жылдың 30 наурызында «Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы ЖОББМ» КММ-да Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған қауіпсіз еңбек жылы аясында «Білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жүйесі» атты семинар өтті. Іс – шараға Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.О. Джаркенова қатысты. Павлодар қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы С. Ш. Сейітова құттықтау сөз сөйледі. Сабира Шакеновна қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің және қолданыстағы ұжымдық шарт шеңберінде жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті. Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша негізгі мәселелер түсіндірілді. ҚР-ның қолданыстағы Заңнамасына сәйкес білім беру мекемелеріндегі Еңбекті нормалау, қауіпсіздік және қорғау мәселелері бойынша «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ еңбек қауіпсіздігі бөлімінің басшысы А.А. Сабиров сөз сөйледі. Сөз сөйлеуді «Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы ЖОББМ» КММ-ның басшысы А. Ж. Сыздықов жалғастырды. Азамат Жанайдарұлы әріптестерімен мектептегі қауіпсіз еңбек мониторингі және қызметкерлердің функционалдық міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау бойынша бірлескен жүйелі жұмыс туралы тәжірибесімен бөлісті. Техникалық инспектор Н.Г. Әбілова Павлодар қаласының №49 санаторий-балабақшасында қауіпсіз еңбек менеджменті бойынша баяндама жасады. Семинар қорытындысында Гүлшат Оралқызы әріптестерінің назарын ЕҚ саласындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, білім беру мекемелерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттанудың алдын алу, зиянды және қауіпті факторлардың әсерін азайту, жұмыс орындарында ерекше салалық тәуекелдер мен қауіптерді азайту сияқты нормативтердің басым мақсаттары мен міндеттерін шешуге аударды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған