Қазақатан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Баянауыл аудандық мектептердің педагогтары арасында «Тәуелсіздік тұғырым менің» тақырыбында волейбол жарысы

Баянауыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым менің» тақырыбында  2019 жылдың 19 желтоқсанында  аудан бойынша білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.

Жарыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын нығайту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Аудан бойынша 15-ерлер командасы,13- әйелдер командасы бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша :

Ерлер командалары арасында:

1-орын: Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты

2-орын: Ә.Марғұлан ат ЖОББМ

3-орын: Шадыра ЖОББМ, №1Майқайың ЖОББМ.

Әйелдер командалары арасында:

1-орын:№1 Майқайың ЖОББМ

2-орын:М.Көпеев ат ЖОББМ

3-орын: Ж.Аймауытов ат ЖОББМ ,№2 Баянауыл ЖОББМ.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Ойынға қатысқан командалардың жоғары деңгейдегі дайындықтары  ұйымшылдығы жеңіске деген құштарлығы, ауызбіршілігі керемет әсер етті.

Баянауыл ауданының білім беру бөлімі, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреді.

 

Баянауыл аудандық білім беру қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымы төрайымы         А.Ж.Ныгметова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған