«Қалай табысты көшбасшы болуға болады?»

2021 ж. 05.11. Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің КӘСІПТІК ОДАҒЫна қарасты Жастар кеңесінің төрайымы ретінде Ақсу қаласының жас педагогтеріне арналған «Қалай табысты көшбасшы болуға болады?» атты дискуссиялық клуб жұмысына қатыстым. Іс-шара «Ақсу» балалар эко-техноорталығының  коворкинг орталығында өткізілді. Шара барысында «Мен — көшбасшы», «Табысқа апарар жол» тақырыптарындағы тренингтер өткізіліп, «Кәсіподақ – табысқа апарар жол» тақырыбындағы пікірталас алаңы қызу жұмыс жасады. Жастардың аудиториясына негізделген шараны Ақсу қаласы Жастар кеңесінің белді әрі белсенді мүшелері Енсебаева Ф.К., Есенбаев Ф.М., Құмар Т., Шарипов А.Т. өткізді. Бұл жас мамандардың өздерін Жастар кеңесінің мүшелерімен бір толқында сезінуіне мүмкіндік ашып, ой-пікір білдіруге оң ықпал етті. Өз кезегімде мен жас мамандарға облыстық Жастар кеңесінің жұмысы, кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, жастар саясаты және республикалық «30 еңбек елшісі», облыстық «KASIPODAQжаSTAR» жобасы туралы қысқаша ақпарат бердім.

Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Арынова Алма Файзрахманқызы жас педагогтерге құқықтық бағыт бойынша бағдар беріп, баса назар аударатын құжаттар легін үнемі жадымызда ұстауға кеңес берді.

Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға мұрындық болған «Ақсу қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы Рүстем Жауаш Күткенқызына алғысымыз шексіз.

 

Айнұр Еркінқызы Абильдинова

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты  Жастар кеңесінің төрайымы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған