Құрметті әріптестер, кәсіподақ мүшелері!

Сіздерді Қазақстан Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Кәсіподақтары өз қатарларына ел алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысатын мыңдаған еңбек ұжымдарын біріктірді. Сіздер әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту бойынша үлкен және тиімді жұмыс жүргізіп, еңбек адамдарының өмір сүру деңгейін нақты жақсартуға, жұмыс орындарын сақтау мәселелерін шешуде жетістіктерге жеттіңіздер. Сіздер еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға, еңбек пен денсаулықты қорғауға, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыруға қол жеткізесіздер, дене шынықтыру – спорт жұмысына, жастармен жұмысқа, билік органдарымен өзара іс – қимып мен диалогқа, кәсіподақтардың үздік дәстүрлерін – ортақ әрекеттерді жандандыруға көп көңіл бөлесіздер. Әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаларына негізделген даңқты кәсіподақ дәстүрлері нығая берсін! Сіздерге денсаулық, жақсылық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағалансын, ал сіздің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз біздің мемлекетіміздің игілігі үшін қызмет етсін!

Ізгі тілекпен, Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұжымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған