Өзекті мәселелер талқыланды

 

2021 жылдың 8 ақпанында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тереңкөл, Ақтоғай, Ертіс ауданының білім беру ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ активтеріне арналған, онлайн режимінде жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша Семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинарда жалпы 200 адамнан аса тыңдаушы қамтылды. Семинарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерініің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы » ҚБ-нің төрайымы Наурызбаева Гульбарам Ауезхановна ашып, өз сөзінде бүгінгі кәсіподақ ұйымының заман талабына сай алға қойған міндеттері мен мақсаттары туралы, және басты міндет бұл педагогтардің құқықтары мен мүддесін қорғау екендігін айтып өтті.

Семинар барысында қазіргі уақытта біз үшін ең өзекті болып табылатын педагогтердің мәселелері талқыланды. Олар педагогтердің жиі қоятын сұрақтары: педагогтарді аттестаттау, басшыларды тағайындау және қызметтен босату, білім беру мекемелерінің басшыларын ротациялау, сондай-ақ басшылар мен орынбасарларды аттестаттау. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Шиндлярская Гулсина Шайдулловна, Павлодар облысының білім беру басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы, Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы — «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берсе, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы » ҚБ-нің құқықтық мәселелер жөніндегі маманы, Джаркенова Гульшат Ораловна мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары жөнінде ақпарат берді. Семинар соңында педагогтер өздерінің сұрақтарына жауап алып, семинар ұйымдастырушыларына ризашылығы мен алғыстарын білдірді.

Тереңкөл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Умарова А.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған