«Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!»

 2021 жылғы 23 қарашада Тереңкөл ауылында Павлодар облысының білім беру қызметкерлері арасында » Өнерді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!»Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқауға Павлодар, Успен, Железин аудандары және Тереңкөл аудандарының ұжымдары қатысты.

Байқаудың ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы»қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Іс-шара ҚР көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және тереңдету, білім беру қызметкерлері арасында дарынды орындаушыларды анықтау, олардың одан әрі шығармашылық дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық ансамбль.

Байқау қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясы бойынша Успен ауданы жеңімпаз атанды, «Хореография» номинациясы бойынша Павлодар және Успен аудандарының ұжымдары, «аспаптық ансамбль» номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының ұжымдары жеңімпаз атанды.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.А. Науразбаева еліміздің егемендігін қалыптастыруда педагогикалық қоғамдастықтың маңызды рөлін атап өтті. Облыстық байқаудың барлық қатысушылары іріктеу кезеңіне белсенді қатысқаны үшін қоғамдық бірлестіктің алғыс хатымен марапатталды.

Коптеген ұстаздарымыз тек қана өз ісінің  майталман устасы ғана емес, сонымен қатар шығармашлық шабыттары шалқызған еңбекқор және қоғамдың жұмыстың белсенділері екенін дәлелдеді. Олар Павлодар облысының білім беру саласы мен кәсіподақтың имиджін көтеретіні қуантады!

Келесі байқаулары Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында да өтеді, оған 200-ден астам педагог қатысады. Баршаңызға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Павлодар облысының баспасөз қызметі

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған