2021 жылғы 1 сәуір күні Павлодар педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары — Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Айгуль Мақсатовна Мукашева және Павлодар облыстық кәсіподағының төрағасы Гульбарам Ауезхановна Науразбаева келді.

Басқарма төрағасы — ректор Жанбол Жилбаев қонақтарға ЖОО-ның қарқынды дамуы туралы айтып, университет бойынша экскурсия өткізді. Делегация О.Сүлейменов атындағы жастар шығармашылық орталығында, педагогикалық шеберлік кабинетінде, университет мұражайында болып, Коворкинг орталығында студенттік жастармен және университет кәсіподағының белсенділерімен кездесті. Диалогтік алаң кезінде студенттер кәсіподақ тарапынан қызығушылықтарын қолдап, жүзеге асырғаны үшін алғыстарын білдірді. Студенттермен әңгімелесу кезінде Айгуль Мақсатовна «Болашақ — жастар қолында» екенін ерекше атап өтіп, оқуда толағай табыстар мен алға қойған мақсаттарының іске асырылуына тілек білдірді. Кездесу соңында Гульбарам Ауезхановна диалогтік алаңның барлық қатысушыларына мықты денсаулық пен жақсылық тілеп, өз алғысын білдірді.

Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы

Ж. Узыканов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған