Ұстаз тақырыбы еліміз үшін қашан да өзекті. Ұстаз, мұғалім – кез келген адамның екінші анасы іспеттес. Мәлік Ғабдуллин ағамыз «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішін, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп айтуының себебі де тегін емес. Ал осы мұғалімнің сапалы білім беруі – алдымен, өзін сол салада еркін сезінуіне, өз мамандығына нық сенімді болуы, болашаққа сеніммен қарауына, құқығы мен міндеттерін анық білуіне тікелей байланысты. Бұл бағытта білім беру саласының кәсіптік одағы ауқымды жұмыс атқаруда. Жас маманға қолдау көрсететін бірден бір ұйым – кәсіподақ ұйымы. Павлодар облыстық білім беру саласының кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесі 6 жыл бұрын құрылды. Бұл кеңестің мақсаты – жас мамандармен тікелей жұмыс жасау, оларға психологиялық, құқықтық тұрғыдан қолдау көрсету. Аймағымыздағы Жастар кеңесінің жұмысы жайлы, атқарылған іс-шаралар, болашаққа жоспар туралы «Ертіс таңы» бағдарламасында Павлодар облыстық білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қаласы №43 ЖОББ мектебінің мұғалімі А.Е.Абильдинова мен кеңестің белсенді мүшесі, Павлодар қаласы №36 ЖОББ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Садыков тереңнен тоқталып өтті.

 

Павлодар облыстық білім беру саласы

кәсіптік одағына қарасты Жастар

кеңесінің төрайымы А.Е.Абильдинова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған