EL TIREGI – BILIMDI JASTAR

2019 жылдың 28-тамызында аудандық білім  қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында Тереңкөл ауданында «EL TIREGI – BILIMDI JASTAR » атты педагогикалық жастар форумы өтті. Форумның басты мақсаты кәсіби шеберлікке деген қызығушылықты дамыту, ұстаз мәртебесін арттыру, шығармашылық белсенділікке ынталандыру болды.

Бүгінде әлем қарқынды түрде өзгеріп, Қазақстан жаңа белестерді бағындыру үстінде орасан зор жұмыстар атқаруда. Кәсіподақтар әрбір жастың заманға сай батыл қадамдар жасай алатынына, болашаққа сеніммен қарайтынына, жауапты жұмысқа белсенді қатыса алатындарына сеніммен қарайды. Аталған Форумға аудан әкімінің орынбасары Ибраева Р.Қ., білім беру бөлімінің басшысы Билялова Ж.Қ., облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Арынова А.Ф., облыстық жастар кеңесінің мүшелері Құмар Т.Қ., Темиржанов Н.Т., Карпиченко Д.  және Павлодар, Железинка, Ертіс аудандарының  жас ұстаздары қатысты.  Келген жас ұстаздар емін-еркін араласып, еліміздің бүгіні, ертеңі, болашағы туралы өз ойларын ортаға салғандары туралы тебірене айтуға болады. Форумда Елбасымыздың Жолдауында айтылған «Ұстаз мәртебесі туралы» Заңды қолдау мен Жастар жылын атап өтудегі  кәсіподақтың үлесі талқыланды. Форумның салтанатты мереке түрінде ғана емес, сондай-ақ, «Мен осы жылы….» атты тембилдинг, «Менің педагогикалық қазынам» атты баддинг-сессия,«Павлодар облысының жеті қыры» квест-ойындар ретінде өткізілді. «Жас маман – кәсіподақ көшбасшысы» тренингінде жас ұстаздардың өздерін кәсіподақтағы толғандыратын мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынғандарын, өз іс-тәжірибелерімен бөліскендерін ерекше айтып өтуге болады.  «Сен кәсіподаққа керексің – Кәсіподақ саған керек» деген ұран тренингтің қорытындысы болып табылды.

Осындай форумдар жастарды жігерлендіріп, кәсіподақтар жұмысына белсенді қатысуға жетелейтінін мақтанышпен айтуға болады.

«Қоғамдағы, білім саласындағы жаңғыру үдерісіне зор серпін беретін, жастарды қолдайтын, шыңдайтын кәсіподақтар жұмысы әрқашанда биіктен көрінсін», – деп ауданымыздың жас мамандары тілектерін білдірді.

Тереңкөл аудандық кәсіподақ

ұйымының төрайымы

 Умарова А.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған