Kásіpodaq jáne jastar

Ustaz bіr ǵana mamandyq ıesі emes, ol  boıyna san ónerdі toǵystyrǵan, únemі іzdenіs ústіnde júretіn erekshe tulǵa. Ustaz – jas urpaqtyń rýhanı sáýlesі, baǵyt-baǵdar sіlteýshіsі, qoǵamnyń jas órkennіń bolashaǵyn tanyp-bіlýіne jaǵdaı týǵyzatyn senіmdі ókіlі. «Ustaz bolý- júrektіń batyldyǵy»-degen dana sózdіń astarly maǵynasy osynda jatsa kerek. Olardyń qataryn tolyqtyryp kele jatqan jas mamandardyń ózіndіk іzі bar. Osyny eskerіp Baıanaýyl aýdandyq kásіpodaq uıymynyń bastamasymen jas pedagogtermen jıyn óttі. Kásіpodaq uıymynyń jas mamandarmen jumys jasaýdaǵy maqsaty jastardyń quqyqtaryn jáne zańdy múddelerіn qorǵaý, jastarǵa áleýmettіk jáne eńbek qatynastary, bіlіm berý jáne kásіptіk bіlіm berý salasyndaǵy óz quqyqtary týraly málіmet berý, jastardy ujymdyq іs-áreketterge, yntymaqtastyq aktsııalaryna únemі qatystyrý, jastardy kásіpodaqtar qataryna tartý bolyp tabylady.

Aınagúl Janatovna, Baıanaýyl aýdandyq kásіpodaq uıymynyń tóraıymy:

—        Kásіpodaq uıymdarynyń jumysy barlyq salany qamtıdy. Onyń іshіnde qoǵamnyń negіzgі kúshі jastar. Bіz jastarmen jumysty jandandyrýymyz kerek. Óıtkenі, olar qoǵamnyń barlyq baǵytynda eńbek etedі.

Jıyn barysynda jumysqa kelgennen keıіngі máseleler, sonyń іshіnde quqyqtaryn, mіndetterіn jumys berýshі tarapynan jasalatyn olardyń mіndetterі jónіnde túsіndіrme jumystary júrgіzіldі.Jıyn jastardyń kóshbasshylyq qabіletіnіń arta túsýіne jol ashyp, jas býynnyń el damýyna qolǵabys jasaýyna baǵyttaldy. Jastar túrlі taqyryptar aıasynda oı-pіkіr almasyp, dıalog alańyn qyzdyra tústі. Jıyn sońynda jastar kókeılerіnde júrgen saýaldaryn qoıdy.

Kez-kelgen maman óz quqyǵyn qorǵaı bіlýі kerek. Al bul іste oǵan quqyqtyq qoldaý tanytatyn orta – kásіpodaq. Óıtkenі uıymnyń eńbek ortasyna endі ǵana beıіmdele bastaǵan jas úshіn mańyzy zor.Qaı qoǵamda da ózіndіk atqaratyn orny bar kásіpodaq uıymy búgіnde zaman talabyna oraı іzdenіster ústіnde.

Habdrash Ǵalııa Harhýýqyzy

 

Кәсіподақ және жастар

 Ұстаз бір ғана мамандық иесі емес, ол  бойына сан өнерді тоғыстырған, үнемі ізденіс үстінде жүретін ерекше тұлға. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулесі, бағыт-бағдарсілтеушісі, қоғамның жас өркеннің болашағын танып-білуіне жағдай туғызатын сенімді өкілі. «Ұстаз болу- жүректің батылдығы»-деген дана сөздің астарлы мағынасы осында жатса керек. Олардың қатарын толықтырып келе жатқан жас мамандардың өзіндік ізі бар. Осыны ескеріп Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасы мен жас педагогтермен жиын өтті. Кәсіподақ ұйымының жас мамандармен жұмыс жасаудағы мақсаты жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік және еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік білім беру саласындағы өз құқықтары туралы мәлімет беру, жастарды ұжымдық іс-әрекеттерге, ынтымақтастық акцияларына үнемі қатыстыру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту болып табылады.

Айнагүл Жанатовна, Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы:

  • Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы барлық саланы қамтиды. Оның ішінде қоғамның негізгі күші жастар. Біз жастар мен жұмысты жандандыруымыз керек. Өйткені, олар қоғамның барлы қбағытында еңбекетеді.

 

Жиын барысында жұмысқа келгеннен кейінгі мәселелер, соның ішінде құқықтарын, міндеттерін жұмыс беруші тарапынан жасалатын олардың міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жиын жастардың көшбасшылық қабілетінің арта түсуіне жол ашып, жас буынның ел дамуына қолғабыс жасауына бағытталды. Жастар түрлі тақырыптар аясында ой-пікір алмасып, диалог алаңын қыздыра түсті.Жиын соңында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Кез-келген маман өз құқығын қорғай білуі керек. Ал бұл істе оған құқықтық қолдау танытатын орта – кәсіподақ. Өйткені ұйымның еңбек ортасына енді ғана бейімделе бастаған жас үшін маңызы зор. Қай қоғамда да өзіндік атқаратын орны бар кәсіподақ ұйымы бүгінде заман талабына орай ізденістер үстінде.

 

Майқайың  музыка мектебінің бастауыш

кәсіподақ ұйымының мүшесі Хабдраш Ғалия Хархууқызы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған