«KASIPODAQжаSTAR»

Ағымдағы жылдың 18 маусымында, Қазақстандық салалық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің Павлодар облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігіне қарасты Жастар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде «KASIPODAQжаSTAR» жобасының қорытындысы, жас педагогтердің демалысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.

Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «KASIPODAQжаSTAR» жобасына қатысуға Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарының жас мамандары өтініш білдірген. Жалпы, жоба аясында 65 өтініш келіп түсті. Жобаның мақсаты: білім беру саласындағы талантты, қоғам өміріне немқұрайлы қарамайтын, белсенді жастарды анықтау, оларды кәсіподақ жұмысына жұмылдыру; жас педагогтер санасында еңбек құндылығын арттыру; ұйымшылдық пен ұжылшылдықты дәріптеу; Жастар кеңесінің жұмысын кеңінен жариялау, жарнамалау арқылы педагогтердің ақпарат алу ауқымын кеңейту; жазғы демалысты ұйымдастыру.

Қазылар-алқасының шешімі бойынша 14 қатысушы жеңімпаз деп танылды.  «KASIPODAQжаSTAR» жобасының жеңімпаздарын Қазақстандық салалық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің Павлодар облыстық ұйымы ҚБ төрағасы Г.А. Наурызбаева құттықтап, кәсіподақ тарапынан өткізілген іс-шараларға белсенді қатысып, телегей жеңістерге жетулеріне тілектестігін білдірді. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табысталды.

 

Облыстық білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты 

Жастар кеңесінің төрағасы Абильдинова А. Е.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған