OPEN Space форматындағы online- пікірталас

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде «Жас педагогтердің бейімделуіндегі мәселелер: оларды шешу жолдары» тақырыбындағы OPEN Space форматындағы online-талқылауға Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты аудандарының жас мамандары қатысты. Іс-шара облыстық білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесінің жол картасы бойынша іске асырылуда. Айта кеткен жөн, бұған дейін online-талқылау Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының жас педагогтерімен де өткізілген. Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің алғашқы еңбек жолында толғандырып жүрген сұрақтарымен етене жақын танысу, құқықтық, еңбек қатынасын реттеу бойынша кәсіподақ тарапынан кеңес беру, кәсіподаққа қарасты Жастар кеңесінің жұмысымен таныстыру, кеңес құрамына тарту.

Іс-шара барасында ауылды аймақтардағы жас педагогтердің бірі кез болған мәселелерімен бөлісіп, оларды шешудің жолдарын ұсынса, бірі өз тәжірибелерімен, ауыл-аймақтардағы баспана мәселесінің қалай шешімін тауып жатқаны жайында ақпаратпен бөлісті.

«…Мектеп директоры, ауыл әкімі тарапынан тұрғын үйге орналасу мәселесінде көп көмек болды. Аудан басшылығы тарапынан көтерме жәрдемақылар төленді. Мектеп ұжымы да шырайлы, жылы қабақпен қарсы алып, көмек қолын созды. Мектебіміздегі және аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы тарапынан да көптеген қолдау, көмектер жүргізіліп келеді» — деп Шымкент облысы Отырар ауданының тумасы, Шарбақты ауданы Александровка ЖОББ мектебінің физика пәні мұғалімі Иманбек Әл-Фараби Рысбекұлы басынан өткен жайларын ортаға салды.

Жас мамандардың сауалдарына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы Арынова А.Ф.  жауап берді.

Іс-шара модераторы – білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты облыстық Жастар кеңесінің төрағасы, «30 еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы Айнур Абильдинова. Ол өз кезегінде Қазақстан республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған ауқымды «30 еңбек елшісі» жобасы, педагог маман ретінде жасап шыққан «ErkinTil» мобильді қосымшасы туралы айтып, ой бөлісті.

Қазақстандық  салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *