Баянауылда «KASIPODAQ KERUENI» Цифрлық трансформация және жас ұстаздар бастамасы.

Бүгін 2026 жылғы 4 қараша айында, Баянауыл ауданының Майқайың №2 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «KASIPODAQ KERUENI» жобасы аясында ауқымды облыстық семинар-форумы өтті.

Аудан мектептерінің директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстық және аудандық Жастар кеңесінің мүшелері мен жас педагогтердің басын қосқан шара креативті коучинг, ЖИ-интерактив, идеялар фабрикасы мен пікірталас форматында ұйымдастырылды.

Жиынның салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген:

 Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева — Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы;

  Маншук Тынысовна Шумакова -Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі

Өз сөздерінде спикерлер жастарды қолдау мен жас педагогтердің әлеуметтік-кәсіби әлеуетін арттыруға, Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерге, білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуге және осы бағыттардағы кәсіподақ қозғалысының рөліне ерекше тоқталып өтті.

Модульдер бойынша жұмыс жасау: Тәжірибе, құқық және инновация

I МОДУЛЬ: Басқарушылық коуч-сессия

Мектеп басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына арналған бұл бөлімде саланың өзекті мәселелері талқыланып, спикерлер өз баяндамаларын ұсынды:

 — Гульшат Ораловна Джаркенова «Павлодар облысындағы білім беру жүйесіндегі бірыңғай әлеуметтік әріптестік»;

 — Гульнар Кабдылманатовна Мусанова — «Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру: кәсіподақ ұйымдарының рөлі»;

 — Алма Файзрахмановна Арынова — «Цифрлық трансформация және кәсіподақ жұмысындағы жаңа коммуникациялар»;

 — Самал Сақтасынқызы Мажитова және Әсел Болатқызы «Әлеуметтік әріптестік: сенімнен — нәтижеге»;

 «Бастауыш кәсіподақ ұйымы – қызметкер құқығының қорғаны, әлеуметтік қолдаудың тірегі және ұжым бірлігінің кепілі»;

Сонымен қатар форум барысында педагогтерге әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жеке қабылдау сағаты ұйымдастырылып, заңгерлік кеңестер берілді.

II МОДУЛЬ: «Жас ұстаз – Жаңа кәсіподақ» жастар форумы

Аталған модуль аясында облыстық Жастар кеңесінің мамандары мен жас педагогтер аса белсенділік танытты. Қатысушылар 5 креативті фокус-топқа бөлініп, жаңа жобалар дайындап, өз идеяларын қорғады (Pitching & Reflection):

 — Kasipodaq Hackathon — жас мамандарды қолдауға арналған нақты жобалар дайындау;

 — Ұлттық құндылықтар — «Адал азамат» тұжырымдамасын сабақ пен кәсіподақ жұмысына кіріктіру;

 — Future Teacher 2030 — болашақ мұғалім мен ЖИ интеграциясының моделі;

 — Kasipodaq Quiz Battle — еңбек құқығы мен педагогикалық этика бойынша интерактивті сайыс;

 — Дебат клубы — Дәстүрлі оқыту мен жасанды интеллекттің рөлін талқылау.

Форум соңында кең көлемді рефлексия жүргізіліп, О.А. Умаров пен Облыстық жастар кеңесінің мүшелері барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырды. Баянауыл ауданының Жастар кеңесі жас ұстаздардың жігерлі ұранын шырқап, шараға ерекше серпін берді.

Облыстық семинар-форум өте жоғары деңгейде, жылы да достық, шығармашылық әрі позитивті атмосферада өтті. Бұл кездесу — жас ұстаздардың кәсіби дамуына, жаңа бастамаларына жол ашып, кәсіподақ пен білім беру саласы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен серпін берген маңызды қадам болды!

«KASIPODAQ KERUENI» әрі қарай жол тартады — жаңа идеялар, жарқын жеңістер мен заманауи білімге бірге ұмтылайық!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *