Біз мақтанатын жас маман- сендей болсын!!!

 Болашақ- жас ұрпақтың қолында, ал ұрпақ біздің, жас мамандардың қолында.

Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ жас маманы Қайролла Құрметбекұлы Хафиз шығармашыл, сауатты, өте білімді ұстаз. Қарапайым өз сабағын беріп кететін адам емес, болашақтың ұрпағын біліммен сусындататын ұстаз.

Ұстаздық жолында аянбай еңбек етуде.

Оның бірден бір дәлелі, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың облыстық кезеңінен оқушысы жүлделі орынға ие болды.

Қайролла Құрметбекұлының шәкірті, 11-сынып оқушысы Абусейтова Адема «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Павлодар педагогикалық университетінің ректорының білім грантын  иеленді.

Жеті қырлы, бір сырлы жас маман, жетекші ұстаз- Хафиз Қайролла Құрметбекұлы Палодар педагогикалық университетінің ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Жас маман- келешектің шамшырағы. Бүгінгі жас маман, ертеңгі ұлағатты ұстаз!

 

Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің жанындағы

Жастар кеңесінің төрағасы — Әсем Төребекқызы Смайлова

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *