Еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі қалай есептеледі?

 Баянауыл білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 2020-2021 жазғы «Еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі қалай есептеледі?» тақырыбында online режимінде семинар өткізілді.

Семинарға  30 мекеме басшылары, 30 бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдары , 9 мекеме есепшілері қатысты.

Семинардың мақсаты:

  • Қызметкерлердің еңбек демалысының өтемақысы
  • емдік жәрдемақылардың дұрыс және әділ есептелуі
  • құқықтық сауаттылығы
  • жеке жеңілдіктер

Бірінші бөлімінде: Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының” басшысы М.А. Иванова  Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінде болған өзгерістер мен толықтырулардың  барлығын таныстырды.

     Екінші  бөлімінде: Қызметкерлердің  еңбек демалысының өтемақысы туралы  тақырыпты түсіндіру барысында «Баянауыл аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің білім бөлімімен бірлесіп «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Жаркенованың қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында online режимінде Гүлшат Оралқызы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты көптеген мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Бірінші кезекте, қоғамдық бірлестіктің бас маманы кезекші сыныптардағы педагогтардың жұмысына ақы төлеуге, кабинетті меңгергені үшін қосымша ақы төлеуге, дәптерлерді тексеруге, сынып басшылығына, шектеу карантиндік шаралары кезеңіндегі жаңартылған білім мазмұнына қатысты түсініктеме берді.

Қоғамдық бірлестіктің заңгері түсіндірулердің үлкен блогын басшылар мен олардың орынбасарларына емдік жәрдемақыларды тікелей төлеуге арнады.

Егер білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары еңбек шартының негізінде қоса атқарған жағдайда нормативтік оқу жүктемесінің 0,5-нен аспайтын көлемде қосымша жұмыс орындаған болса, онда ақылы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.

Жалпы ереже бойынша ҚР Еңбек кодексінің 1 – бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес қоса атқарылатын жұмыс-бұл жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.

Осылайша, қызметкер негізгі жұмыс міндеттерін орындағаннан кейін өзінің еңбек міндеттерін толық емес орындауға міндетті. Бұл ретте қызметкермен қоса атқаратын еңбек шарты жасалуы тиіс.

Семинар соңында сұрақтар қойылып ,сұрақтарға толық жауап қайтарылды.

Бүгінгі семинарда өте өзекті, ауқымды тақырыптар талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Баянауыл аудандық білім саласы қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ж.Ныгметова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *