Заң үстемдігі және ұжымдық мүдде: №14 мектептегі ашық диалог

Бүгін №14 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымымен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. Басқосуға Павлодар қалалық кәсіподақ төрағасы Тимур Сейткажиевич пен облыстық кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Ораловна арнайы қатысты.
Кездесу барысында еңбек заңнамасы, педагог мәртебесі және қызметкерлердің құқықтық қорғалуы мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесудің негізгі бағыттары:
Заңдық жауапкершілік – еңбек қатынастарына қатысты өзекті құқықтық мәселелер қарастырылып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұжымдық келісімшарт – басты қорған – құжаттың негізгі бөлімдеріне тоқталып, қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.
Жиын дәстүрлі баяндама форматынан гөрі ашық диалог алаңына ұласты. Әріптестер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты заңнамалық негізде толыққанды жауаптар алды.
Кездесуге белсенді қатысып, кәсіби пікір алмасуға ашық болған №14 мектеп ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Өйткені белсенділік бар жерде – құқықтық мәдениет, өзара сенім және ортақ нәтиже бар.

Кәсіподақ #ПавлодарБілім #ҚұқықтықКөмек #ҰжымдықКелісімшарт #ҰстаздарМәртебесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *