Келісу комиссиялары және еңбекті қорғау-күн тәртібінде

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын қарау үшін білім беру ұйымдарында кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінен 577 келісім комиссиясы құрылып, қызмет етуде.

Соңғы үш жылда 1356 адам оқудан өтті.

2021-2022 оқу жылында облыс бойынша кәсіподақтың 50 мүшесі еңбек даулары бойынша келісім комиссияларына жүгінді. Барлық өтініштер сот талқылауларына жеткізілмей медиация жолымен шешілді.

2021 жылы көрсетілген құқықтық көмек бойынша жалпы экономикалық тиімділік 334 197177 (үш жүз отыз төрт миллион бір жүз тоқсан жеті мың бір жүз жетпіс жеті теңге) құрады.

«Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ еңбек дауларында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу кәсіподақтардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Заңның осы нормасын негізге ала отырып және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2022 жылғы 14 сәуірде » Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Еңбек дауын келісу комиссиясында шешу тәртібі» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларына, келісім комиссияларының мүшелеріне, кәсіподақ көшбасшыларына арналған оқыту семинарын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна және ҚБ бас маманы Бектабанов Айдарбек Жасланович өткізді.

Келісу комиссиясының жұмысы және оның еңбек дауларын реттеудегі рөлі қаншалықты маңызды екені Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 159-бабында көрсетілген:

Жұмыскерлердің немесе бұрын еңбек қатынастарында болған адамдардың, не жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің міндетті сатысы болып табылады.

Келісу комиссиясында еңбек дауын қарау рәсімін қалай дұрыс және сауатты жүргізу керек, қарау мерзімдері қандай, келісу комиссиясының мүшесі кім бола алады — салалық кәсіподақтың заңгерлері осы және басқа да көптеген мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар білім беру мекемелерінің күнделікті тәжірибесінен сұрақтарға толық жауап алды.

Семинар соңында қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді және  облысымыдың белсенді кәсіподақ мүшелері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы»  ҚБ-нің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен 14 адам марапатталса,  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін белгісімен 6 адам марапатталды.

Біз бәріміз білім беру мекемелеріндегі қолайлы еңбек жағдайларына жауаптымыз. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету – кәсіподақ ұйымдарының басым бағыттарының бірі.

Төтенше жағдай жарияланғаннан бері кәсіподақ ұйымдары коронавирустың таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын жүргізуде белсенділік танытты. Осы кезеңде қызметкерлердің жұмыспен қамтылу жағдайына, жалақының уақтылы төленуіне, жұмыс берушілердің қашықтықтан жұмыс режиміне жіберілген, амалсыз бос тұрып қалған қызметкерлердің заңды құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізілді.

Еңбекті қорғау бойынша 577 техникалық инспектор сайланды және жұмыс істейді. Әрбір білім беру мекемесінде 2328 жұмыс беруші мен кәсіподақ комитетінің өкілдерінен тұратын өндірістік кеңестер құрылып, қызмет атқаруда.

Күннің екінші жартысында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор-2022» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қатысушыларын марапаттау екі  топта — жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру, сондай-ақ жоғары және ТжКБ техникалық инспекторлар арасында өткізілді.

Орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында үшінші дәрежелі дипломмен Железин ауданы №2 ЖОББМ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Анна Викторовна Шестопалова марапатталды;

Екінші орында — Ақсу қаласының «Асыл бөбек» мамандандырылған балабақшасының техникалық инспекторы Бейсенова Айгүл Серікқызы.

Павлодар ауданы Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің техникалық инспекторы Фазылзянов Мансур Талгатұлы облыстық байқаудың құрметті бірінші орын иегері атанды.

Байқаудың бас жүлдесіне Тереңкөл ауданы №2 ЖОББМ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Ануар Дауленұлы Джумалинов ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

ТжКБ және жоғары білім беру ұйымдары арасында Павлодар педагогикалық университетінің техникалық инспекторы Светлана Николаевна Клименко бірінші орынға ие болды.

Конкурстың республикалық кезеңіне екінші топтан Гран-при иегері Батталов Кайрат Габдулхаирович, Ертіс ауданының аграрлық – техникалық колледжінің техникалық инспекторы жіберіледі.

Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Гран — при, бірінші, екінші және үшінші орындар үшін тиісінше 50000, 40000,30000 және 20000 теңге  мөлшерінде марапатталды.

Облыстық байқаудың тоғыз қатысушысы қазылар алқасының қолынан 10000 теңге көлемінде ынталандыру сый-сияпаты мен алғыс хаттар алды.

Іс-шараның қазылар алқасының мүшелері ерекше алғыс пен 10000 теңгеден  ақшалай сыйақыны: Чемпояш Дарья Александровна, қазылар алқасының төрағасы, Павлодар облысы Еңбек басқармасының бас маманы, Иванова Марина Анатольевна, «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКҚ төрағасының орынбасары, Лось Марина Николаевна, Шарбақты ауданының Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Оразова Жанна Салимовна, Павлодар ауданы Луганск жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі алды.

Конкурс еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың ішкі бақылауын жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге, кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріндегі рөлін арттыруға бағытталған — бұл міндеттер күн сайын шешімін табуда.

Конкурстың екінші жағы-бұл үздік техникалық инспекторлардың тәжірибесін жинақтау және тарату, техникалық конкурстардың қызметін моральдық және материалдық ынталандыру.  Бүгінгі іс-шара осы міндетті толығымен орындады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша өз ұжымдарындағы  сіңірген еңбегінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз.

 

ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г. Джаркенова

 

                           Согласительные комиссии и  охрана  труда – на повестке дня

 

В соответствии со статьей 159 Трудового кодекса Республики Казахстан для рассмотрения индивидуальных трудовых споров в организациях образования созданы и действуют 577 согласительных  комиссий из представителей профсоюзного комитета и администрации организации.

За последние три года прошли обучение 1356 человек.

За 2021-2022 учебный  год обратились по области в согласительные комиссии по трудовым спорам 50 членов профсоюза. Все обращения решены путем медиации, не доводя до судебных разбирательств.

Общий экономический эффект  по оказанной  правовой помощи за 2021 год составил  334 197177 (триста тридцать четыре миллиона сто девяносто семь тысяч сто семьдесят семь тенге)

         В соответствии  с п.5) ст. 17 ЗРК  «О профессиональных союзах» проведение  разъяснительной работы среди членов профсоюза по повышению их правовой грамотности, в том числе по основам трудового законодательства Республики Казахстан, а также развитию навыков умения вести переговоры и достижения консенсуса в трудовых спорах является одной из основных  обязанностей  профсоюзов.

Исходя из данной нормы закона и с целью  разъяснительной работы 14 апреля 2022 года  состоялся областной семинар «Трудовые споры, причины их возникновения. Порядок разрешения трудового спора в согласительной комиссии»

Обучающий семинар для  руководителей организаций образования, членов согласительных комиссий, профсоюзных  лидеров провели руководитель отдела правовой работы, охраны и безопасности труда «Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки» Кидирбаева Райхан Мамашиевна и главный  специалист ОО Бектабанов Айдарбек Жасланович.

Насколько важна работа согласительной комиссии и ее роль в урегулировании трудовых споров свидетельствует статья 159 Трудового Кодекса Республики Казахстан:

Обращение работников или лиц, ранее состоявших в трудовых отношениях, либо работодателя в согласительную комиссию является обязательной стадией досудебного порядка урегулирования возникшего между ними индивидуального трудового спора.

Как правильно и грамотно провести процедуру рассмотрения трудового спора в согласительной комиссии, каковы сроки рассмотрения, кто может являться членом согласительной комиссии-   на этих и многих  других моментах  остановились юристы отраслевого профсоюза.

В ходе семинара присутствующие получили исчерпывающие ответы на вопросы из ежедневной практики образовательных учреждений.

В завершение семинара участникам были вручены сертификаты о прохождении обучения.

Мы все ответственны за благоприятные условия труда в учреждениях образования. Обеспечение безопасности  и охраны труда – одно из приоритетных направлений профсоюзных организаций.

С начала объявления чрезвычайного положения профсоюзные организации проявили активность в проведении профилактических мероприятий по предупреждению распространения коронавируса. В этот период проводился мониторинг состояния трудовой занятости работников, своевременности выплаты заработной платы, соблюдения работодателями законных прав работников, направленных на дистанционный режим работы, находившихся вынужденном простое.

Избраны и работают 577 технических инспекторов по охране труда. В каждом учреждении образования созданы и действуют Производственные советы в составе 2328 представителей работодателей и профкомов.

Во второй половине дня состоялась церемония награждения победителей и призеров областного этапа республиканского конкурса «Лучший технический инспектор по охране труда-2022».

Награждение участников конкурса было проведено в двух подгруппах- технические инспекторы общего среднего и дошкольного образования, а также высшего и ТиПО.

Дипломом 3 степени  среди организаций среднего и дошкольного образования была награждена Шестопалова Анна Викторовна – технический инспектор по охране труда СОШ №2 Железинского района;

На втором месте —Бейсенова Айгуль Сериковна, технический инспектор    специализированного десткого сада «Асыл бөбек» города Аксу.

Обладателем почетного первого места областного конкурса стал технический инспектор Кенесской основной общеобразовательной школы Павлодарского района Фазылзянов Мансур Талгатович.

Гран-при  конкурса присуждено Джумалинову Ануару Дауленовичу, техническому инспектору по охране труда СОШ №2 района Теренколь.

Среди организаций ТиПО и высшего образования первого места удостоилась технический инспектор  Павлодарского педагогического университета  Клименко Светлана Николаевна.

На республиканский этап конкурса во второй подгруппе будет направлен обладатель Гран-при Батталов Кайрат Габдулхаирович, технический инспектор аграрно – тенического колледжа Иртышского района.

Все победители и призеры конкурса поощрены  за Гран- при, первое, второе и третье места в размере  50000, 40000,30000 и 20000 соответственно.

Девять участников областного конкурса получили из рук жюри Благодарственные письма с поощрением в размере 10000 тенге.

Особую благодарность и денежное вознаграждение в сумме 10000 получили члены жюри  мероприятия: Чемпояш Дарья Александровна,  председатель жюри,  главный специалист управления труда Павлодарской области, Иванова Марина Анатольевна,  заместитель председателя  ТОП «Профсоюзный центр Павлодарской области», Лось Марина Николаевна, замесититель директора   по учебной работе Щербактинской средней  общеобразовательной школы Щербактинского района,  Оразова Жанна Салимовна, учитель начальных классов Луганской средней общеобразовательной школы Павлодарского района.

Конкурс призван повысить эффективность осуществления внутреннего контроля безопасности и охраны труда, снизить производственный травматизм и профессиональную заболеваемость, повысить роль профсоюзных организаций в вопросах безопасности и охраны труда-  эти задачи решаются ежедневно.

Другая сторона конкурса – это обобщение и распространение опыта лучших технических инспекторов, моральное и материальное стимулирование деятельности технических конкурсов.  Сегодняшнее мероприятие сполна выполнило эту задачу.

Поздравляем победителей и призеров с победой и признанием  заслуг по обеспечению  безопасности и охраны труда  в своих  коллективах.

 

Главный специалист Павлодарской областной профсоюзной

организации работников образования и науки Г.О. Джаркенова

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *