«Мейірімділік керуені»

1-наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні жылдағы дәстүрге сай аталып өтіледі.  Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Осыған орай Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ-нің ұстаздар ұжымы ауылымызға сыйлы  Елеукина Раш және Исабекова Сара есімді абыз аналарымызды атаулы мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді. Раш әжей кеңес уақытында тың және тыңайған жерлерді игеру біршама жұмыс атқарып, 1980-1993 жылдары аралығында Қарақұқдық мектебінде қарапйым еден жуушы қызметінде жұмыс істеп, зейнетке осы мектептен шығады. Ақ жаулықты ана он үш құрсақ көтерген. Бүгінгі таңда төрт немересі, төрт шөбересі бар. Сара апамыз 1973-1992 жылдары Қарақұдық мектебінде еден жуушы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке осы ұжымнан шығады. Сегіз баланың анасы, «Күміс және алтын» алқа иегері. Жастайларынан еңбекке ерте  араласып, өмірдің қаншама қиыншылықтарын артта қалдырып, бейнеттің зейнетін көріп отырған аналарымызға Қарақұдық мектебінің ұжымы дендеріне саулық, ғұмырлары ұзақ, немере, шөберелерінің қызықтарына тоймай жүре берсін деген ізгі тілек тілейміз!

              Абенова Г.Е. — Қарақұдық ЖОББМ кәсіподақ ұйымының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *