Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне, білім мен ғылым саласының дамуына, сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау бағытында атқарып жүрген қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, алға қойған жоспарларыңыз орындалсын. Жауапкершілігі мол қызметте шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Көшбасшылық қасиеттеріңізбен  өскелең  ұрпаққа үлгі болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына қуаныш, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, ырыс, құт әкелсін! Мерейлеріңіз бен мәртебелеріңіз өсіп, әр бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтассын!

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы  

Г. А. Науразбаева

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *