Павлодар педагогикалық университетінің ардагерлерін марапаттау

Наурыз мерекесі қарсаңында Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық еңбек ардагерлері Қайырбай Оразамбекұлы Базарбеков пен Виктор Тихонович Колев Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Базарбеков Қайырбай Оразамбекұлы — биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жаратылыстану және Педагогика Ғылымдары Академиясының толық мүшесі, зоология бойынша 190-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Оның есімімен Павлодар педагогикалық институтының 25 жыл бойы басқарған Биология-Химия факультетінің даму тарихы байланысты. Оның энергиясы мен ұйымдастырушылық таланты факультет кафедраларының қарқынды дамуына ықпал етті.

Базарбеков Қ.О. — Қазақстан ағарту ісінің үздігі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері. «Құрмет» орденімен, А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен,   басқа да көптеген наградалармен марапатталды. Жас мамандарды даярлауға, Павлодар педагогикалық институтының, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің де биология-химия факультеттерін дамытуға үлкен үлес қосқан тамаша лектор, педагог, ғалым және ұйымдастырушысы. Оның көптеген студенттері кейіннен ғылым докторлары мен кандидаттары, еңбек сіңірген мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

Кольев Виктор Тихонович — өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры. Ол 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 35 спорт шеберін және 80-нен астам жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткерлерді дайындады. Облыстық жеңіл атлетика федерациясының, Павлодар облысы жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы. Облыс құрама командасының аға жаттықтырушысы бола отырып, жаттықтырушылық қызметі кезеңінде Қазақстан Республикасының, Дүниежүзілік Универсиаданың, Әлем, Азия және Еуропа чемпионаттарының 50-ден астам чемпиондарын, халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын дайындады. Соңғы 30 жыл ішінде облыстың үздік ондығына кіреді.

1983 жылдан бастап 2009 жылға дейін дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы қызметін атқарды, студенттермен, спортшылармен, оқушылармен оқу процесін және тәрбие жұмысын жетілдіруге көп көңіл бөліп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттады.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің

кәсіптік одағыныңПавлодар облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *