Семинар тақырыбы: «Еңбек даулары. Келісім комиссиясы мүшелерінің жұмысы»

2026 жылғы 27 наурызда Тереңкөл ауданында білім беру ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелеріне арналған «Еңбек даулары. Келісім комиссиясы мүшелерінің жұмысы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Науразбаева Гульбарам Ауэзхановна – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Джаркенова Гульшат Ораловна – аталған қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, Билялова Жайнат Каликайдаровна – Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің басшысы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормалары жан-жақты түсіндіріліп, еңбек дауларын қарау тәртібі мен келісім комиссиялары мүшелерінің қызметі қарастырылды. Заңнаманы қолданудың практикалық аспектілеріне және қызметкерлердің еңбек құқықтарын тиімді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар аясында қатысушылар білім беру ұйымдарында туындайтын типтік жағдайларды талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Салтанатты бөлімде Науразбаева Гульбарам Ауэзхановна әлеуметтік әріптес Билялова Жайнат Каликайдаровнаны әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапаттады.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқыту іс-шарасына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.

Осындай семинарларды өткізу келісім комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және

жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының

Павлодар облыстық ұйымымының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *