«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шарбақты ауданында

 «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі @senimenbolashaq Шарбақты ауданының әкімдігі, Шарбақты аудандық оқу бөлімі мен «Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірігіп «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты аудандық ата-аналар форумы ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – Ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру.  Баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ананың рөлін айқындау.

Форумға 270-ден астам ата-ана қатысты.

Аудандық форум 3 бөлімнен тұрды. Бірінші пленарлық бөлімінде Азилхан Абеуов – Шарбақты ауданының әкімі @abeuov_a.k , Нұркен Асанов – «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы @astana_nurken, қоғам қайраткері, Алена Боярова – Шарбақты ауданы Маслихатының депутаты, Рақымбек Жолаев – «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы форумның пленарлық отырысын өткізді. Пленарлық отырысының модераторы «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымбек Жолаев жүргізді. «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов бірлестіктің қысқа уақытта жасаған ауқымды жұмыстары туралы айтып өтті.

Бүгінгі күні елімізде 13 облыста Нұркен Асанов «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалдарын ашып, әрбір аймақта филиалдар ата-аналармен қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Екінші бөлімінде Нұркен Асановтың шақыруымен елімізге танымал психолог АҚШ-тағы Готтман Институтының түлегі — Ержан Мырзабаев @yerzhan.myrzabayev ауданның ата-аналарына «Жазасыз бала тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері» атты тренинг өткізді. Ержан Мырзабаев аудиторияны бірінші секундтан баулап алды. Өмірлік мысалдарды келтіре отырып, ата-аналарға  одан туындауы мүмкін мәселелерді айтып, шешу жолдарын атап өтті.

Үшінші бөлімінде ата-аналармен сұхбат болды. Ата-аналар өте белсенді қатысып, конструктивті кері байланыс орнатылды. Ержан Мырзабаев барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар беріп, кейбір сауалдар егжей-тегжейлі қарастырылып, құнды кеңестер берілді.

 

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Жарылқапұлы өзінің командасымен Шарбақты ауданында форум өткізгені үшін алғысымыз шексіз. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі жұмыстарыңыз алға баса берсін, еңбектеріңіз өрлей берсін, ата-ана қоғамында орындарыңыз төрлей берсін. Рахмет сіздерге!

Ата-аналардың «Таза бұлақтан су ішкендей рухани тазарып, байыдым», «Бала тәрбиесіне байланысты көптеген мәліметтерді жаныма түртіп алдым», «Рухани азық алып қайттық», «Бұрын-сонды болмаған керемет форум өтті, көптеген ақпарат алдым» тағы басқа кері байланыстан форум жоғары деңгейде өтті деп сарапталды.

 

А. Сыздыкова –

Шарбақты аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы   

   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *