
Құрметті жоғары оқу орындарының қызметкерлері, профессор-оқытушылар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім беру жүйесі – өңірдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және зияткерлік дамуына тікелей ықпал ететін маңызды орта. Осы биік міндетті абыроймен атқарып жүрген жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен барлық қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық.
Сіздердің кәсіби біліміңіз бен ғылыми ізденістеріңіз, жаңа білім беру тәсілдерін енгізудегі бастамаларыңыз, жас мамандарды даярлауға қосқан үлестеріңіз – өңірдің адами капиталын нығайтудың маңызды негізі. Бүгінде Павлодардың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастардың кәсіби қалыптасуы, ғылыми әлеуетінің дамуы және еңбек нарығында өз орнын табуы – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нақты нәтижесі.
Сіздердің шәкірттеріңіз – түрлі кәсіби салаларда еңбек етіп, өндірісте, білім мен ғылымда, экономикада, мемлекеттік және қоғамдық қызметте өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандар. Бұл – жоғары білім саласы қызметкерлерінің еңбегінің ең маңызды көрсеткіші.
Профессор-оқытушылар қауымының ғылыми мектептерді қалыптастыруы, зерттеу жұмыстарын дамытуы, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуы және жастардың жаңа идеяларға ұмтылысын қолдауы Павлодар облысының болашағы үшін айрықша мәнге ие.
Осы айтулы күні баршаңызға кәсіби табыс, ғылыми ізденістеріңізге жаңа серпін, шығармашылық шабыт және мықты денсаулық тілеймін! Еңбектеріңіздің нәтижесі шәкірттеріңіздің жетістіктерінен, ғылыми жаңалықтар мен жаңа жобалардан көрініс тауып, жоғары білім саласындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым лайықты бағалана берсін!
Жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Ізгі ниетпен,
Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы
Г. Науразбаева
