ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қоғамдық бірлестік аппараты «КӘСІПОДАҚТЫҢ ҮЗДІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ» Республикалық байқауында бірінші орынды алған Гүлшат Оралқызы Джаркенованы құттықтайды.

Гүлшат Оралқызы Джаркенова  1994 жылдан бастап кәсіподақта жұмыс істеп келеді, ал 2005 жылдан бастап  қазіргі уақытқа дейін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман қызметін атқарып келеді.

         Гүлшат Оралқызы көптеген жылдар бойы жаңа инновациялық технологиялар мен жобаларды іске асыра отырып және сала қызметкерлерінің мүдделерін қорғауда жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізе отырып, кәсіподақ мүшелерін қорғау жөніндегі әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып келеді.

Сізге кәсіби қызметіңізде одан әрі табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *