Ұжымдағы тұрақтылық – бірлескен жұмыстың нәтижесі

Қалалық кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 16 маусымында «Жігер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Қоғамдық бақылауға облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г. Джаркенова және қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т. Нұркешов қатысты. Отырыс барысында мекеме басшысы Ж. Саятовамен және орталық ұжымымен ашық диалог форматында кездесу өтті. Басқосуда ұжым ішіндегі өзекті мәселелер мен туындаған келіспеушіліктер ашық талқыланды.
Шара барысында ұжым мүшелерінің пікірлері тыңдалып, ұжымдық шарт тармақтарының орындалу деңгейі мен еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге тоқталдық. Сонымен қатар ұжымның ішкі мәдениеті, педагог әдебі және мекеме құрылымының жүйелі жұмыс істеуі сөз болды.
Кездесу нәтижесінде ұжым ішіндегі даулы жағдайларды оңтайлы шешу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мынадай нақты ұсыныстар берілді:
Құқықтық тепе-теңдікті сақтау: Еңбек дауларын тек заңнама мен ұжымдық шарт аясында, екі тараптың да мүддесін ескере отырып шешу;
Коммуникацияны жақсарту: Мекеме әкімшілігі мен қызметкерлер арасындағы ішкі байланысты күшейтіп, түсініспеушіліктерді дер кезінде жою тетіктерін енгізу;
Медиацияны қолдану: Ұжым ішіндегі психологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында педагог әдебі жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру және дауларды медиация тәсілімен реттеу.
Кәсіподақ тарапынан берілген бұл ұсыныстар мекемедегі еңбек тәртібін нығайтуға және шығармашылық ұжымның бірлігін сақтауға септігін тигізеді деп күтілуде.

Стабильность в коллективе – результат совместной работы

В соответствии с годовым планом городской профсоюзной организации, в рамках осуществления общественного контроля 16 июня текущего года в детско-юношеском центре творчества «Жігер» состоялось очередное заседание рабочей группы.
В общественном контроле приняли участие главный специалист по правовым вопросам областной профсоюзной организации Г. Джаркенова и председатель городской профсоюзной организации Т. Нуркешов. В ходе заседания состоялась встреча в формате открытого диалога с руководителем учреждения Ж. Саятовой и коллективом центра. На совещании были открыто обсуждены актуальные вопросы и возникшие в коллективе разногласия.
В ходе мероприятия были выслушаны мнения членов коллектива, рассмотрены вопросы соблюдения положений коллективного договора и трудовых отношений. Кроме того, были затронуты темы внутренней культуры коллектива, профессиональной этики педагогов и системной работы структуры учреждения.
По итогам встречи была проведена разъяснительная работа по оптимальному разрешению спорных ситуаций внутри коллектива и были внесены следующие конкретные предложения:
Соблюдение правового баланса: решение трудовых споров исключительно в рамках законодательства и коллективного договора, с учетом интересов обеих сторон;
Улучшение коммуникации: усиление внутренних связей между администрацией учреждения и сотрудниками, а также внедрение механизмов своевременного устранения недопониманий;
Применение медиации: активизация работы совета по этике педагогов в целях стабилизации психологического климата в коллективе и урегулирование споров путем медиации.
Ожидается, что данные рекомендации профсоюза будут способствовать укреплению трудовой дисциплины в учреждении и сохранению единства творческого коллектива.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *