Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 31 наурыздағы Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы №8 ҚАУЛЫСЫ негізінде Тереңкөл ауданы бойынша 25 мектеп 2020 — 2021 оқу жылының IV тоқсанын 1-сәуірден бастап офлайн бастады. Осы орайда, каронавирустық індеттің алдын алу бойынша мектеп қызметкерлерімен ҚР БМСД 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 Қаулысының талаптарының сақталуын бақылау техникалық инспектордың жұмысының басты бағыттарының бірі болып келеді. Карантиндік шараларды сақтау бойынша мәселелер каникул барысында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңесте талқыланып, педагогикалық кеңестерде қарастырылды. Білім беру мекемелерінде келесі шаралар қолданылуда:
- Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
1) медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған;
4) жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылған;
5) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылған;
6) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етілген.
7) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;
8) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды жинау үшін арнайы орындар ұйымдастырылады;
9) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адам тағайындалады;
Аудан бойынша 23 мектеп штаттық режимде оқып келсе, Тереңкөл ауылының 3 мектебінде балалар санына байланысты шектеулер болған еді. Әрине, бұл оқушылар мен ата-аналардың көптен күткен сәті. Бірінші күні білім алушылардың мектепке, ұстаздарына деген сағыныштарын көздерінен байқауға болатын еді. Оқу жылын ойдағыдай аяқтау үшін коронавирустық инфекцияның (covid 19) таралуының алдын алу шараларын мүлтіксіз орындауымыз керек. Ауданымыздың ұстаздары 2021 жылдың 1 наурызынан бастап коронавирустық індетке қарсы вакцинация алуда. Өзім отбасыммен вакцинацияның 2 кезеңінен өттім. Себебі вакцинация бүгінгі таңда коронавирустық індетке қарсы жалғыз шара деп білемін.
Тереңкөл аудандық кәсіподақ ұйымының
төрайымы А.Умарова