Кәсіподақтар қауіпсіздік үшін!

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде облыс мектептерінің оқушылары ұзақ үзілістен және қашықтан оқытудан кейін сабаққа келді.

IV тоқсанның басында облыстың 357 мектебінің 111239 оқушысы штаттық және аралас режимде мектеп парталарына отырды. Әрбір білім беру ұйымы балалардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайлар жасау бойынша барынша шаралар қабылдады.

Барлық мектептер 100% қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.  Оқу орындарының үй-жайларын желдетуді, ылғалды жинауды, кварцтауды және дезинфекциялауды қамтитын іс-шаралар кешені жүйелі жүргізілуде.

Анықтама ретінде: 16588 литр көлемінде дезинфекциялық санитайзер, 709970 бетперде, 1305 тепловизор, аяқ киімді дезинфекциялауға арналған кілемшелер 1696 дана, тоннельдер 59 дана, кварц-галоген шамдары 1676 дана сатып алынды.

Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны ұлғайтылды, білім алушылар мен қызметкерлердің температурасын күн сайын өлшеу жүргізіледі. Білім беру мекемелеріне бөгде адамдарға, оның ішінде ата-аналар мен заңды өкілдерге кіруге тыйым салынады.

Жаппай оқыту  қорының қаражаты есебінен, бастауыш сыныптардың бір реттік тамақтануына және ата-аналардың төлемі мен бюджет қаражаты есебінен барлық оқушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігіне деген қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, мектеп әкімшілігімен бірлесіп, қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізеді.

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап республикада Ресейде шығарылған «Гам-Ковид-Вак» («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, Govid-19-ға қарсы вакцинация басталды. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес Қазақстанда вакцинация ерікті сипатта  және егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілуде. Егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Облыс педагогтары коронавирусқа қарсы вакцина алып, адам өзін қорғап, айналасындағылар мен жақындарын қорғайтынына түсіністікпен қарайды. Бүгінгі күні облыстың 1094 педагогы вакцина алды.

Облыстық кәсіподақ «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әрекеттер алгоритмі» акциясын іске қосты, оның мақсаты — балаларымыз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға қоғамның назарын аудару.

 

Павлодар облыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *