Басымдықта – ұжымдардағы келісім мен тұрақтылық

ҚР Еңбек Кодексінің 159-бабының 8-тармағын ескере отырып, кәсіподақ ұйымдарында құрылған келісім комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайын оқытудан өтуге міндетті екендігі туралы «Павлодар аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы кезекті рет оқыту семинарын ұйымдастырды. Кеменгер орта мектебінің базасында білім беру ұйымдарының қызметкерлері жиналды, оларға еңбек дауы туындаған жағдайда сол жерде жанжалды жағдайды шешу сеніп тапсырылды. Семинар спикері, «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Жаркенова келісім комиссиясы қызметінің негізгі ережелерін түсіндірді. Мәселен, Гүлшат Оралқызы келісу комиссиясы еңбек ұжымының жалпы жиналысында жұмыскерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің тең санынан тепе-тең негізде құрылатынын түсіндірді. Атқаратын лауазымына, атқаратын жұмысына қарамастан кез келген қызметкер комиссия мүшелері болып сайлана алады, ал ұйым басшысы комиссия құрамына кіре алмайды. Комиссия Ұжымдық шарттың қолданылу мерзіміне құрылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін комиссияның жаңа мүшелері сайланады. Семинар спикері келісу комиссиялары туындайтын еңбек дауларын сотқа дейін реттеу үшін қажет екендігіне ерекше назар аударды. Қызметкерлердің келісім комиссиясына жүгінуі барысында шешім заң шеңберінде екі тараптың мүдделерін ескере отырып қабылданатыны өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, тараптар көбінесе өзара тиімді келісімге келеді. Семинар тыңдаушылары білім беру қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымына және Гүлшат Оралқызына оқу мүмкіндігі мен қажетті білім алғаны үшін алғыстарын білдірді. Пайдалы біліммен қаруланған келісім комиссияларының мүшелері ұжымдарда келісім мен тұрақтылықты жақтайтын болады.

«Павлодар аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы С. Матаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған