Мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирі

 Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Инновациялық Еуразия университетінің базасында ағымдағы жылдың 28-29 сәуір күндері мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирін өткізді.

Дебатқа барлық аудандар мен Павлодар және Екібастұз қалаларынан 17 команда қатысты. ХХІ ғасыр құзыреттілігінің креативті деңгейіндегі сайыстар қазақ және орыс тілдерінде өтті.

Тартысты пікірталаста III дәрежелі ДИПЛОМ мен 30 мың теңге ақшалай сыйақының иегерлері Ақсу қаласының «Softskils» және Аққулы ауданының «Ғасыр толқыны» командалары болды.

Төрешілер алқасы II орынды 40 мың теңге көлемінде диплом мен жүлде алған Ақтоғай ауданының «Бастау» және «Ақиқат» командаларына берді.

I орын Ақсу қаласының «Жарқын болашақ» және Тереңкөл ауданының «Non stop» командаларына бұйырды, олар I дәрежелі дипломдармен және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Абсолютті нәтиже үшін бас жүлде және 60 мың теңге ақшалай сыйақы Павлодар қ. «Массоны» және Екібастұз қ. «Парасат» командаларына берілді.

Турнирдің бірінші күні үздік спикерлер анықталды. Олар Павлодар ауданынан К.Калелкан және Ақсу қаласынан Г.А. Асылова болды, әрқайсысы 50 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубоктармен  марапатталды.

Облыстық турнирдің жүлде қоры «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ ұсынған 460 мың теңгені құрады.Алдағы уақытта Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ресми серіктестері салалық кәсіподақтың, ИнЕУ және «Ертіс» телеарнасының қаржылық, техникалық және ақпараттық қолдауымен аудандар мен қалалардың әдістемелік кабинеттерінің командалары, облыс педагогтері арасында дебаттық технология бойынша жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

 

************

1 открытый  дебатный турнир руководителей школ области

     Инновационным центром развития образования  Павлодарской области на базе Инновационного Евразийского университета  28-29 апреля текущего года  проведен 1 открытый  дебатный турнир руководителей школ.

В дебатах приняли участие 17 команд из всех районов, городов Павлодар и Экибастуз. Состязания креативного уровня компетенции ХХI века проходили на казахском и русском языках.

В упорной борьбе обладателями диплома III степени и денежного вознаграждения 30 тысяч тенге стали команды «Softskils» г.Аксу и «Ғасыр толқыны» района Аққулы.

Судейская коллегия II место присудила командам «Бастау» Майского и «Ақиқат»  Актогайского района,  получившим диплом и приз в размере 40 тысяч тенге.

I место заслуженно присуждено командам «Жарқын болашақ » г. Аксу и «Non stop» района Теренколь, награжденным дипломами I степени и призом 50 тысяч тенге.

Гран-при и денежное вознаграждение 60 тысяч тенге за абсолютный результат присуждены командам «Массоны» г. Павлодар и «Парасат» г.Экибастуз.

В первый день турнира определились лучшие спикеры. Им стали Калелкан К. из Павлодарского района и Асылова Г.А. из г. Аксу, награжденные кубками и денежным вознаграждением по 50 тысяч тенге каждому.

Призовой фонд областного  турнира составил  460 тысяч тенге, предоставленный ОО «Павлодарская областная организация Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки». В дальнейшем Инновационный центр развития образования при финансовой, технической и информационной поддержке своих официальных партнёров отраслевого профсоюза, ИнЕУ и телеканала «Ертic» планирует соревнования в дебатной технологии между командами методических кабинетов районов и городов, педагогами области.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған