Құттықтаймыз!!!

Құрметті техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оларды таңдаған мамандығына жауапкершілікпен қарауға, еңбекке құрметпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосатын білікті маман болуға тәрбиелеу жолындағы маңызды миссия.

Күнделікті қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыздың арқасында мыңдаған жас өз болашағына сеніммен қадам басып, өмірден өз орнын табуда. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз – білім алушының жетістігі, ал оның әрбір жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі.

Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де өзінің жоғары нәтижелерімен танылып келеді. Өңіріміздің жас мамандары мен олардың тәлімгерлері республикалық кәсіби шеберлік байқауларында жүлделі орындар иеленіп, WorldSkills халықаралық чемпионаттарында да жоғары нәтижелер көрсетіп, Павлодар облысының абыройын асқақтатып келеді. Бұл – білім алушылардың таланты мен табандылығының, сондай-ақ оларды кәсіби тұрғыдан даярлап, бағыт-бағдар берген педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің қажырлы еңбегінің айқын нәтижесі.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің биік белестерін көру бақыты мен кәсіби мерейлеріңізді тілеймін!

Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!

Ізгі ниетпен,
Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы
Г. Науразбаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған