Ұстаздар күнімен!

Құрметті әріптестер, ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлттың рухын қалыптастыратын, өскелең ұрпақтың жүрегіне ізгілік пен білімнің нұрын себетін тұлға. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және шәкірттерге деген мейірімдеріңіздің арқасында еліміздің болашағы жарқын, білімді, саналы болып қалыптасуда.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс және шығармашылық шабыт тілеймін. Әрбір шәкіртіңіз сіздің еңбегіңіздің жемісі мен мақтанышы болсын!


Ізгі тілекпен,
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және
жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Г. Науразбаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған