
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді Жоғары оқу орындары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ұстаздар қауымы мен жас буын студенттердің ортақ мерекесі.
Жоғары оқу орындары – білім ордасы ғана емес, болашаққа жол ашатын, елдің интеллектуалды әлеуетін арттыратын қасиетті шаңырақ. Ұстаздарымыздың ерен еңбегі мен шәкірттердің талпынысы арқасында еліміздің дамуына серпін берер білікті мамандар тәрбиеленіп келеді.
Осы мерейлі күні Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз абырой мен қуаныш әкелсін!
Ізгі тілекпен,
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және
жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Г. Науразбаева
