Тереңкөл ауданының білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында әскери-патриоттық әндер байқауының аудандық кезеңін өткізді

«Тереңкөл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалы Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған Тереңкөл ауданының білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында әскери-патриоттық әндер байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқауға ауданның білім беру мекемелерінен 65 жас маман қатысып, өнер көрсетті.

Байқау үш номинация бойынша өтті – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер», «Отан туралы әндер»,  «Сарбаздар әндері». Байқаудың қорытындысы бойынша «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер» номинациясы бойынша 1- орынды   Песчан №2 ЖОББМ мұғалімі А.М. Иващенко, 2-орынды Береговая ЖОББМ мұғалімі Кәбір Қазына, 3- орынды  Калиновка ЖОББМ мұғалімі И.Варварюк ие болды. «Отан туралы әндер» номинациясы бойынша 1- орынды Березовка ЖОББМ мұғалімі С. Шорабаева, 2-орынды Калиновка ЖОББМ трио тобы, 3-орынды «Балдырған» сәбилер бақшасының ұжымы ие болды.  «Сарбаздар әндері» номинациясы бойынша» 1- орынды аудандық білім бөлімінің жас маманы Г. Апсолямова, 2- орынды А.Н. Елгин атындағы №1ЖОББМ мұғалімі М. Серикбаев, 3- орынды Федоровка ЖОББМ мұғалімі Т. Хурметхан ие болды. Көрермендердің көзайымы номинациясы бойынша №2 арнайы мектеп — интернатының ұжымы ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.  Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасына: аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Қ. Биляловаға, музыка мектебінің директоры Қ.А. Қайратовқа, аудандық мәдениет үйінің әдіскері З.Х.Дюсекееваға алғыс білдіреміз. Байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Жеңімпаздарымызға  облыстық кезеңде жеңіс тілейміз.

       Тереңкөл ауданы білім қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы  Умарова А.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған