«KASIPODAQжаSTAR» party

 Бүгін, желтоқсан айының 4-і «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты Жастар кеңесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «KASIPODAQжаSTAR» party іс-шарасын өткізді. Шара мақсаты Жастар кеңестерінде кәсіби шеберліктерімен танымал, көшбасшылық қасиеттері бар, жас мұғалімдердің мүдделерін білдіре және қорғай алатын бастамашыл және креативті жас педагогтердің, белсенді кеңес мүшелерін ынталандыру, басын қосу, ой-пікір алмасу алаңын құру, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру, жылдың жұмыс есебін шығару.

Жастардың кәсіподақ қозғалысы – бұл болашақ стратегиясы және қазіргі таңда жүйеде жұмыс істеп жатқан идеялар мен бастамалардың жаңа толқыны, шығармашылық табыстың траекториясы және жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытудың кілті.

Ағымдағы жылы «Жас ұстаз-2021» жол картасы келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады: әдістемелік-ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмыс; жас педагогтың тұлғалық қасиеттерін дамыту; мәдени-бұқаралық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар.

«Жас педагогтердің бейімделуіндегі мәселелер» Оpen Space форматындағы онлайн-дискуссиялар облысымыздың әр ауданы, ауыл-аймақтарындағы жас педагогтермен ой алмасудың ашық алаңына айналды. Жыл бойы әр маусым сайын қала, ауданның жас педагогтерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ мамандары тарапынан еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері бойынша ақпарат берілді.

Педагогтеріміздің денсаулығын нығайтуға, ауыл-аймақтарда мамандардың орнығуына арналған «Ауылым – алтын бесігім» велошеруі өткізілді. Аталған іс-шараға барлық аудандардың жас ұстаздары жарыса ат салысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған республикалық «30 еңбек елшісі» жобасына облыстық Жастар кеңесінен 13 өтініш түскен. Бұл кеңес жұмысының жүйелі жүргізілуінің көрсеткіші.

Жас мамандарды кәсіподаққа қарасты Жастар кеңесі жұмысына жұмылдыру мақсатында 2021 жылы облысымызда «KASIPODAQжаSTAR» жобасы іске асырылды. Аталған іс-шараның қорытынды кезеңіне қала, аудандардан 69 өтініш келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз атанған 20 жас маман жеңімпаз болып танылды.

«KASIPODAQжаSTAR» party шарасы жоғарыда аталған жоба жеңімпаздары, кеңестің белсенді мүшелері мен жаңа, жас буынды тоғыстырып, ұйытып жинаған ауқымды шара болды. Шараға барлық қала, аудандардан жалпы саны 50 адам қатысты.

Кәсіподақ қозғалысының жұмысына белсенді атсалысып жүрген облыстық жастар кеңесінің мүшелері:

НАО «ППУ» Студенттік кәсіподақ төрағасы Узыканов Жаслан; Ақсу қ. №4 ЖОМ мұғалімі Фархат Еңсебаев; Павлодар қ. № 36 ЖОМ мұғалімі Дмитрий Карпеченко; Павлодар қ. №16 мектеп – лицейдің мұғалімі Әсет Серікбаев; №33 шахмат бойынша нұсқаушы Нұрғиса Теміржанов; Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Бекжан Әмірқашев; Ақсу қ. № 8 ЖОМ мұғалімі Құмар Тлеужан; Павлодар қ. №24 ЖОМ мұғалімі Сулейменова Рымкеш; Ақсу қ. №7 ЖОМ мұғалімі Есенбаева Фариза.

 

Кәсіподақтың Жастар кеңесі қозғалысының жұмысын ұйымдастыруда көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерімен танылған жастар кеңесінің мүшелері:

Павлодар қ. №34 инновациялық үлгідегі ЖОМ Толеуов Алибек;
Шарбақты ауданы жалпы орта білім беру секторы меңгерушінің м.а Кабдрашитов Азамат; Тереңкөл ауданы  №2 ЖОББМ директоры Садыков Еркебулан; Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атандағы мектептің мұғалімі   Шарипов Темирлан; К.Шулембаев атандағы ЖОМ мұғалімі  Шарипов Ануар Павлодар қ. М.Алимбаев атындағы мектеп мұғалімі Сабитова Айнагуль.

 

Аудандық Жастар кеңесінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып жүрген белсенді кеңес мүшелері:

Аққулы ауданы Жамбыл ЖОМ мұғалімі Арынов Ермек; Успен ауданы №3 ЖОМ мұғалімі Косыбаев Нурсултан; Баянауыл ауданы Майқайын кентінің №2 ЖОББМ мұғалімі Бахитденов Богенбай; Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы мектептің мұғалімі Смайлова Әсем; Павлодар ауданы Луганск ЖОМ мұғалімі Омарова Назерке

 

Шара соныңда жас педагогтер Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодар облысының кәсіподақтар орталығының мадақтамасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды.

 

 

Айнұр Еркінқызы Абильдинова

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты Жастар кеңесінің төрайымы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған