«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының Баянауыл аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

 «Баянауыл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.   Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс  берушілердің қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы; Өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылықты төмендету; еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметін жетілдіру және ынталандыру; еңбекті қорғау мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру; білім беру ұйымдары басшыларының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына және жазатайым оқиғаларға жол бермеуге көңіл бөлуін күшейту; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен қағидаларын бұзушылықтарды уақытылы анықтау және жою.Байқауға 5 мекеме қатысты.Ұсынылған құжаттар негізінде шығарылды.Қорытындысы бойынша Iорын Баянауыл ауылының сәбилер бақшасының тәрбиешісі Айдана Балғабайқызы Есмакаева , IIорын

Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Айдана Айтжанқызы Жақсыбаева, IIIорын З.Ақышев атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Айнұр Жаңбырбайқызы Абжамитова орындарға ие болды.Қатысушыларға номинациялар бойынша марапатталды.Облыстық кезеңге Баянауыл ауданының намысын Баянауыл ауылының сәбилер бақшасының тәрбиешісі Айдана Балғабайқызы қорғамақ.Жеңімпазымызға сәттілік тілейміз.

 

Баянауыл ауданының білім қызметкерлерінің

 кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагүл Нығметова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *