Заманауи кәсіподақ жастар көзімен

 Бүгін, сәуір айының 6-сы Павлодар облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесі «Заманауи кәсіподақ жастар көзімен» тақырыбында Unconference форматында онлайн-пікірталас өткізді. Аталған шараға Павлодар қаласы, Баянауыл, Тереңкөл, Успен аудандарының жас педагогтері қатысты. Шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы А.Ф.Арынова жас мамандарға кәсіподақтың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің тиімділігі туралы ақпарат берді. Жастар заманауи кәсіподақ жайында ой бөлісіп, өз ұсыныстарын білдірді. Павлодар қаласы Жастар кеңесінің төрайымы Р.Ж.Сүлейменова, «KASIPODAQжаSTAR» жобасының жеңімпазы О.А.Умаров «Жас ұстаз» жобасын, Тереңкөл ауданы Жастар кеңесінің белсенді мүшесі Н.М.Сеиітов «Кәсіподақ активінің мектебі» жобасын ұсынды. Тереңкөл ауданы К.Оспанова атындағы №3 ЖОББ мектебінің мұғалімі Г.Х.Нургали кәсіподақтың жастар саясатындағы орнына тоқталып өтсе, Баянауыл ауданының Жастар кеңесінің төрағасы Б.М.Бахитденов пен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Н.Х.Әшім кеңес жастарының жұмыс жасау орталығы, Успен ауданының жас мамандары атынан Ж.Кәсіпхан балалар жылына арналған іс-шаралар бойынша ұсыныстар жасады. Барлық ұсыныстар облыстық Жастар кеңесі тарапынан назарға алынып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Айнұр Еркінқызы Абильдинова

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты

Жастар кеңесінің төрайымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *