Балабақша басшыларына арналған  «Баланың балабақшада психологиялық тұрғыдан жайлы болуына жағдай жасау»  тақырыбындағы  облыстық семинар

 Ағымдағы жылдың 18 мамырында Павлодар қаласының № 16 лицейінде Павлодар облысы балабақшаларының басшыларына арналған «Балабақшада баланың психологиялық тұрғыдан жайлы болуына жағдай жасау» тақырыбында семинар — тренинг өтті.

Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы  ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Джаркенова Гульшат Ораловна ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру және педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары туралы айтып берді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспектор Айгерим Асетовна Сабитова мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің заңды жауапкершілігі және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсіндірді.

Шамсутдинова Валентина Юрьевна, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы педагог-психологтардың жұмыс тобының өкілі баланың балабақшада жайлы және үйлесімді болуының кепілі ретінде тәрбиешінің психикалық денсаулығын сақтау әдістерімен бөлісті.

Екібастұз қаласының № 1 бөбекжай-балабақшасының «Ромашка «Дамыту орталығының» басшысы Шмидт Татьяна Викторовна балабақшадағы педагогтердің эмоционалдық шаршау  синдромының факторы ретінде мектепке дейінгі ұйым басшысының копинг-тәртібінің мәселелерін атап өтті.

Тренинг соңында балалардың балабақшада жайлы болуы бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

 

Областной семинар для руководителей детских садов на тему «Создание условий психологически комфортного

пребывания ребенка в детском саду»

 

 

18 мая текущего года в лицей №16 города Павлодара прошёл семинар — тренинг для всех руководителей  детских садов Павлодарской области  по теме «Создание условий психологически комфортного пребывания ребенка в детском саду»

Главный специалист по правовым вопросам ОО «Павлодарской  областной  организации Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образования и науки» Джаркенова Гульшат Ораловна рассказала о реализации Закона РК «О статусе педагога» и основных принципах педагогической этики.

О юридической ответственности педагогов и обеспечении безопасности детей в дошкольной организации разъяснила  Айгерим Асетовна Сабитова, старший инспектор по делам несовершеннолетних  ювенальной полиции управления местной полицейской службы.

Шамсутдинова Валентина Юрьевна, представитель рабочей группы педагогов-психологов при проектном офисе «Тәрбие алаңы»   поделилась методами сохранения психического здоровья воспитателя как залоге комфортного и гармоничного пребывания ребёнка в детском саду.

Руководитель  «Центра развития «Ромашка»   ясли-сада № 1 города Экибастуза   Шмидт Татьяна Викторовна осветила вопросы профилактики  копинг-поведения  руководителя дошкольной организации, как факторе синдрома эмоционального выгорания педагогов в саду.

В конце тренинга были даны рекомендации по комфортному пребыванию детей в детском саду.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған