Павлодар облысының жас педагогтері арасындағы өткен "Көк тудың желбірегені" ән фестивалінің қорытындысы

 2022 жылдың 18 мамырында "Көк тудың желбірегені" атты патриоттық ән фестивалінің қорытындысы шығарылды, оның мақсаты жас педагогтердің шығармашылық өзін-өзі көрсетуі арқылы рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ білім беру қызметкерлері арасында дарынды орындаушыларды анықтау, олардың одан әрі шығармашылық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Ән фестивалінің ұйымдастырушылары "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігі және қоғамдық бірлестік жанындағы Жастар кеңесі болып табылады.

Облыстық іс-шараға кәсіподақтың 35 жасқа дейінгі 111 жас педагог мүшелері қатысты. "Отан туралы әндер","Жеңіс әндері", "Сарбаздар әндері"номинациялары бойынша фестивальдің қалалық және аудандық турларының лауреаттары өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетті.

"Отан туралы әндер" номинациясы бойынша бас жүлдені Павлодар қаласының № 41 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Паскарь Алена иеленді.

1 орын Кайруллинова Салтанат-Аққулы ауданы, Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, 2 орын Рахматов Талғат Успенка ауданы Константиновка Жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, 3 орын Кабылқаир Диана-Баянауыл ауданы, З.Ақышев атындағы орта мектебінің мұғалімі.

"Жеңіс әндері" номинациясында "Сарбаздар әндері" — Отан Қорғаушыларға арналған әндер бас жүлде Ақсу ауданы Қызылжар ауылы орта мектебінің мұғалімі Аңсат Топановқа берілді. 1 орынды Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің мұғалімі Мағулов тілек, 2 орынды Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Бердіқұл Нұркелді, Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Тұрғанбек Расул және Аққулы ауданы Өнер мектебінің мұғалімі Амангелді Алтынай иеленді.

"Сарбаздар әндері" номинациясында-Отан Қорғаушыларға арналған әндер, бас жүлде Екібастұз қ. №18 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Бахатхан Алтынгүл, Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары Бахатхан Оразбек, Шарбақты ауданы №3 жалпы орта білім беру мектебінің әлеуметтік педагогы Досымханова Айботадан 1 орын, Шарбақты ауданы № 3 жалпы орта білім беру мектебінің орынды Ақсу қаласының "Чайка" бөбекжайының тәрбиешісі Шаймардан Сабина иеленді.

Байқау жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль қатысушылары облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды. Жүлде қоры 900 000 теңгені құрады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Г. А. Науразбаева құзыретті қазылар алқасына, байқауға қатысушыларға, "музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп - интернат" кешенінің ұжымына, облыстық жастар Кеңесінің мүшелеріне біздің көпұлтты Отанымызға, Қазақстан халқының татулығы мен бірлігіне арналған тамаша ән мерекесі үшін алғыс білдірді!

 

Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Қазақстандық салалық кәсіподағының 

білім және ғылым қызметкерлері

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған